Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы — Қазақстан Президентінің Әкімшілігін басқаратын жоғары лауазымды тұлға.

Президент Әкімшілігінің басшысын Президент қызметке тағайындап, қызметтен босатады, тікелей Президенттің басшылық етуімен жұмыс істеп, бақылауында болады және оған есеп береді.

Атқаратын қызметі Президент Әкімшілігінің Басшысы: Мемлекет басшысына Әкімшілік туралы ережені бекітуге ұсынады, Әкімшіліктің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар енгізеді, Әкімшіліктің штат кестесін бекітеді, бекітілген штат саны шегінде оған өзгерістер енгізеді; өзінің бірінші орынбасарының, орынбасарының, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілерінің жұмысын үйлестіреді, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді; Президенттің келісімімен өзінің бірінші орынбасары, орынбасары, Кеңсе бастығы, Президенттің көмекшілері мен кеңесшілері арасындағы міндеттер бөлінісін бекітеді; Президенттің қарауына өзінің бірінші орынбасарын, орынбасарын, Президенттің көмекшілерін және кеңесшілерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату, Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын қоспағанда, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныстар енгізеді; Әкімшіліктің жекелеген хатшылықтарының басшыларын, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын, мемлекеттік инспекторларды, сектор меңгерушілері мен Әкімшіліктің өзге де мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді; Президент актілерінің орындалуы мен сақталуын, оның тапсырмаларының орындалуын, осы мақсатта Әкімшілікте құжаттардың өтуін бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, сондай-ақ Президент қатысатын іс-шараларды дайындау мәселелері бойынша Әкімшілік Басшысы сонымен қатар Республиканың тиісті мемлекеттік органдарының басшыларын шақыра отырып, Әкімшіліктің басшы қызметкерлерімен кеңестер өткізеді; Президенттің қол қоюына Парламент қабылдаған заңдарды, жарлықтардың, өкімдердің жобаларын және қарауына Президентке жолданатын басқа да құжаттар мен материалдарды ұсынады; Президенттің кадр саясатын іске асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; басшы лауазымдарға Президент тағайындайтын немесе оның ұсынысымен тағайындалатын кандидатуралар бойынша Президентке ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ Үкімет, өзге де мемлекеттік органдар және мемлекеттің лауазымды тұлғалары басшы лауазымдарға ұсынған кандидатураларды Президентпен келісуді қамтамасыз етеді; Әкімшіліктің бұйрықтарын шығарады; Әкімшіліктегі ішкі еңбек тәртібін белгілейді; Әкімшіліктің шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатын жұмсауға басшылық жасайды; қызметтік құжаттарға қол қояды; Әкімшіліктің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалау шараларын қолданады; Әкімшіліктің қызметкерлерін іссапарларға жібереді; ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға, Президенттің тапсырмаларын орындау үшін жұмысқа мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын тартуға құқылы; азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады; Әкімшілікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының орындалуын бақылайды; Әкімшіліктің басқа мемлекеттік органдармен; саяси партиялармен және өзге де қоғамдық бірлестіктермен; бұқаралық ақпарат құралдарымен; жеке және заңды тұлғалармен байланысын тұрақты негізде қамтамасыз етеді; Парламент пен оның палаталарының отырыстарына қатысуға құқылы; Үкіметтің, министрліктер мен Президентке тікелей бағынатын мемлекеттік органдардың, Президент жанындағы комиссиялардың, Жоғары Сот Кеңесінің, Қазақстан Халық кеңесінің отырыстары мен жиналыстарына қатысуға құқылы; өзінің жекелеген өкілеттіктерін орындауды Әкімшіліктің өзге де басшы лауазымды тұлғаларына беруге құқылы; Президент жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы

Басшылары № Суреті Аты-жөні Басқарған уақыты Президенті 99px 1 99px сәуір 1990 мамыр 1990 2 99px мамыр 1990 қазан 1995 1 99px қазан 1995 маусым 1996 м.а. 99px маусым 1996 қазан 1996 2 99px қазан 1996 қазан 1997 3 99px қазан 1997 қаңтар 1998 м.а. 99px қаңтар 1998 ақпан 1998 4 99px ақпан 1998 тамыз 1998 5 99px тамыз 1998 ақпан 1999 6 99px ақпан 1999 қаңтар 2002 7 99px 29 қаңтар 2002 10 наурыз 2004 8 99px 10 наурыз 2004 8 желтоқсан 2004 9 99px 8 желтоқсан 2004 23 қаңтар 2008 10 99px 23 қаңтар 2008 13 қазан 2008 11 99px 13 қазан 2008 21 қыркүйек 2012 12 99px 24 қыркүйек 2012 3 сәуір 2014 13 99px 3 сәуір 2014 21 маусым 2016 14 99px 21 маусым 2016 10 қыркүйек 2018 15 99px 10 қыркүйек 2018 24 наурыз 2019 16 99px 24 наурыз 2019 28 маусым 201999px 17 99px 28 маусым 2019 18 қыркүйек 2019 18 99px 18 қыркүйек 2019 1 ақпан 2022 19 99px 1 ақпан 2022 3 сәуір 2023 20 99px 3 сәуір 2023 6 ақпан 2024 21 99px 6 ақпан 2024 5 мамыр 2026 22 99px 5 мамыр 2026 —

Дереккөздер

Әкімшілік

Санат:Қазақстандағы лауазымдар