Бейбітшілік және келісім саябағы — Астана қаласындағы саябақтардың бірі.

Ол Есіл өзенінің бойында, И. Панфилов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысында орналасқан.

Саябақтың негізі 2022 жылы қаланды.Елордада «Бейбітшілік және келісім саябағының» негізі қаланды — Егемен Қазақстан, 15 қыркүйек 2022 жыл. Ресми ашылуы 2025 жылдың қыркүйегінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясында өткізілді.Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды — Qazaqstan арнасы, 18 қыркүйек 2025 жыл.

Сол аптаның ішінде Астанаға алғаш рет концертпен келген америкалық Backstreet Boys тобы экологиялық сенбілікке қатысып, осы саябақта қала тұрғындарымен бірге ағаш отырғызуға қатысты.Аңызға айналған Backstreet Boys тобы Астанадағы саябақта ағаш отырғызды — Azattyq Rýhy, 21 қыркүйек 2025 жыл.

Саябақтың дәл ортасына «Өмір ағашы» композициясы орнатылған. Күмбез түрінде жасалған нысанның ішінде емен ағашы отырғызылған, ағаш үйлесімді су бұрқақпен қоршалған. Ескерткіш Қазақстанның көпэтносты ел екенін бейнелейді. Күмбез бір аспан астындағы бейбітшілікті, ал төрт жағындағы кіреберіс дүниенің төрт бұрышын білдіреді.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Бейбітшілік және келісім сарайы

Санат:Астана саябақтары