Сақиналы құрылымдар (, ) — Жердің және басқа планеталық денелердің тасты қабығындағы сақина, дөңгелек немесе сопақ пішінді жоспардағы геологиялық түзілімдер. нобай|оңға|200px|Сахари Рихаттың сақина құрылымы Сақиналы құрылымдар жаратылысына қарай екі түрге бөлінеді: плутонды, яғни магма əсерінен қалыптасқан интрузиялық шоғырлар немесе денудациялық əсерінен қашаланған жанартаулар жəне жасынтастардың (метеориттердің) жер бетіне құлауы əсерінен пайда болған құрылымдар. 1966 ж. Г.З.Попованың “Қазақстанның қатпарлы аймақтарының шеңберлі жəне сызықты морфоқұрылымдары” (“Кольцевые и линейные морфоструктуры казахстанской складчатой страны”) деген монографиясы жарыққа шықты. Бұл еңбекте Сарыарқа территориясындағы дөңгелек немесе сопақ пішінді интрузиялық құрылымдарға алғашқы рет талдау берілген. Жанартаутекті сақиналы құрылымдарды көне римдіктердің жерасты құдіретінің атына ұқсас “Плутон” деп атап кеткен. Қазіргі кезде Орталық Қазақстан аумағында Бурабай, Машанск, Сарысу, Екібастұз жəне т.б. жанартаутекті сақиналы морфоқұрылымдар анықталған. Олар бір-бірінен геологиялық құрылыстарымен, морфометриялық жəне морфологиялық көрсеткіштерімен жер бетінде айқын ажыратылады.
Жер бетіндегі 5000-нан астам сақиналы құрылымдарды ғалымдар метеориттік кратерлерге жатқызады. Қазіргі уақыттағы мəліметтер бойынша, шамамен 150 жуық метеориттік кратерлер толық белгіленген. Олар жер бетінде əркелкі таралған. Солтүстік Америкада олардың саны – 62, Еуропада – 30, Азияда – 26, Африкада – 16, Аустралияда – 8, Оңтүстік Америкада – 5. ТМД аумағында əр түрлі сақталған 29 метеориттік кратер зерттелген. Қазақстанда белгілі космогендік сақиналы құрылымдарға Балқаш көлінің солтүстік-батысында Баяулысай жəне Алтай өзеннің аралығында орналасқан Шұнақ жəне Солтүстік Арал маңындағы Жаманшын метеориттік құрылымдары жатады.
Дереккөздер
Санат:Геология