Аққұт — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы құдық.
Атаудың сөзжасамдық сипаты Атау ақ (сын есім) және құт (зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. А.Т.Қайдар «Структура односложных корней и основ в казахском языке» атты еңбегінде «құт: құдық<құд+ық, колодец» деп көрсетеді. Құт – құдық сөзінің көне формаларының бірі. Осы дерекке сүйене отырып, атау «ақ құдық», «ағынды, ауызсулы құдық» деген мағынаны білдіреді.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан құдықтары Санат:Маңғыстау ауданы географиясы