Тыныштық () — Өзбекстанның Науаи облысындағы қала типтес елді мекен (1978 жылдан). Әкімшілік жағынан Науаи қаласына бағынады. Елді мекенде аттас теміржол стансасы орналасқан (Науаи-Үшқұдық желісінде). Халық саны 2424 адам (1989).

Мұнда жалпы білім беретін мектеп, темір жол жөндеу шеберханалары, пошта, медициналық пункт, дәріхана, сауда орындары, мәдениет ошақтары, тұрмыстық қызмет көрсету орындары бар.

Дереккөздер

Санат:Науаи облысы елді мекендері