Ақалтын () — қала үлгісіндегі елді мекен, Өзбекстанның Әндіжан облысы Ұлықнар ауданының әкімшілік орталығы. Халқы: 9800 мың адам (2005).

Географиялық сипаттама Ақалтын — Әндіжан облысының батыс бөлігіндегі ауыл, облыс орталығынан 65 шақырым жерде орналасқан және Ұлықнар ауданының әкімшілік орталығы болып табылады. Ауыл Ферғана алқабының орталығында, кең байтақ егіншілік алқаптарының ортасында орналасқан. Ақалтынды Үлкен Ферғана каналының көп тармағының бірі – Үлкен Әндіжан каналы кесіп өтеді. Ауыл маңындағы аумақтарды суару шешуші мәнге ие, өйткені бұл аумақ алқаптағы ең аз құнарлы аймақ болып саналады.

Экономикасы және әлеуметтік нысандары Халқы тығыз орналасқан Ферғана алқабының өлшемдерi бойынша Ақалтын шағын елді мекен болғанымен, ол аймақтық өнеркәсіп орталығы ретінде қызмет етеді. Ұлықнар ауданында өсірілген мақта Ақалтынға жөнелтіліп, онда тазартылады, одан тоқыма және тігін өнеркәсібіне жіберіледі. Жөндеу шеберханалары, қызмет көрсету орындары, бірнеше мектеп (соның ішінде музыка мектебі), коммуналдық қызметтер де бар. Ауылда дене шынықтыру-сауықтыру кешені, спорт алаңдары, стадион, спорт мектебі салынды.

Дереккөздер

Санат:Ұлықнар ауданы елді мекендері