Қоскөпір () — қала типтес елді мекен, Өзбекстанның Хорезм облысы, Қоскөпір ауданының әкімшілік орталығы. Халқы: 16 900 адам (2004).

Қоскөпір — Хорезм облысының батысында, Үргеніш қаласынан 27 шақырым жерде орналасқан. Жергілікті маңызы бар жолдар ауылды аудан мен облыстағы басқа елді мекендермен байланыстырады. Газауат суару каналы ауылды ортасынан кесіп өтеді. Қоскөпірде мемлекеттік инфрақұрылым нысандары, егін базары, бірнеше саябақтар мен спорт алаңдары, құрылыс материалдарының шағын зауыттары, мақта тазалау зауыты орналасқан. Қоскөпірдің басты көрікті жері – 17 ғасырдағы Иморат-Бобо мазар кешені.

Мұнда жалпы білім беретін мектеп, балалар музыка мектебі, спорт мектебі, кәсіптік лицей, орталық аудандық кітапхана, мәдениет үйлері, демалыс саябағы, стадион және басқа да спорт нысандары, сонымен қатар орталық аурухана, перзентхана, емхана, дәріханалар бар.

Дереккөздер

Санат:Хорезм облысы елді мекендері