Ақмола мазары (XIX ғ.) – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Байзақ ауданы Байзақ ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 20-25 км жерде, Талас өзенінің сол жағалауындағы жазықты ашық жерде орналасқан.

Зерттелуі мен сипаты 1985, 2001 жылдары зерттелген. Күйдірілмеген кірпіштен соғылған күмбездері жұмсарған, жертөле мен кіреберіс ойықта бұзылулар бар, ішкі қабырғалар шұңқырланып, саз сылақтар түскен. Шу-Тараз алқабына бір күмбезді күйдірілмеген кірпішті мазар түрі дәстүрлі орталықтанған композиция тән жұмырланып келген мазар бастапқыда көлемді кескінделген үш бөлімді құрылымдар – төменгі қабаты сәл шығыңқы, орташа, кішкене қысылған жайма біртіндеп сферикалық күмбезге өткен. Іргетасы жоқ, бір жалды, тікбұрышты жұқа иілгіш кірпішті саз қабатпен қаланған. Жертөле негізіндегі қабырғаның ені 1 м шамасында, мазардың сақталған бөлігінің биіктігі 5,7 м, диаметрі 8,5 м. Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Жамбыл облысы сәулеті