Сюрвейер (ағылшынның surveyor) – сақтандыруға қабылданатын мүлікті және сақтандыру басталғаннан кейін сақтандырылған мүлікті тексеретін сарапшы. Сюрвейер көбінесе теңіз сақтандыруында және жүктерді сақтандыруда әрекет етеді.Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9 Олар сақтандырушылармен, кеме иелерімен, жүк иелерімен, кеме жалдаушылармен және басқа мүдделі тұлғалармен шарт жасасу негізінде өзара іс-қимылда болады. Сюрвейер қорытындысы негізінде сақтандырушы белгілі бір нысанды сақтандыру мүмкіндігі туралы, сақтандыру шарты бойынша тарифтік мөлшерлеменің шамасы туралы шешім қабылдайды. Сюрвейер атқарымына сақтандыру уақиғасы басталғанда мүліктің зақымдану дәрежесін айқындау, апаттық сертификаттар толтыру міндеті де кіруі мүмкін. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том Сілтемелер Сейітов Сақтандыру Экономика Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Банк терминдері