Қорғаншы қалашығы – көне қала орны, Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген археология ескерткіші.

Орналасқан жері Шу ауданы, Төле би ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км қашықтықта орналасқан.

Сипаты Алғаш 1941 жылы Жамбыл археология пунктінің экспедициясы (жетекшісі Г.И. Пацевич) зерттеу жұмысын жүргізген. Қаланың орнының аумағы төртбұрышты (80×130 м) болып келген, топырақ үйінділерімен айналдырыла қоршалған. Қоршаудың биіктігі 3-4 м, ені 12-15 м. Оның бойында 5 мұнараның орны сақталып қалған. Мұнараның диаметрі 20 м болған. Қаланың территориясында 3 су қоймасы болған. Бірінші және екінші су қоймасының тереңдігі 3 м, үшінші су қоймасының тереңдігі 20 м. Қала X-XII ғасырларда гүлденіп, ірі сауда орталығы қызметін атқарған.Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2006. – 768 б.ІSВN 9965-26-175-Х

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан археологиялық ескерткіштері Санат:Қазақстан көне қалалары