(1221) Амур — Жерге жақын нысандардың бірі.

Оны 1932 жылы 12 наурызда Эжен Жозеф Дельпорт Бельгиянің патшалық обсерваториясында ашты.

Сол кездерде ол Жерге ең жақын нысан болып саналды. Орбиталары бұған ұқсас басқа астероидтар одан кейін Амурлар деп аталатын болды. Бұл топқа жалпы 7 мыңнан аса астероид кіреді.

Көнеримдік мифологиясындағы махаббат құдайы Амурдың құрметіне орай аталды.

thumb|center|400px|Күн жүйесіндегі орны thumb|center|400px|

XX ғасырда осы астероидтың Жерге ең жақын ұшуы 1940 жылдың наурызында орын алды. Ол кезде екі аспан денесінің арақашықтығы 0,1052 астрономиялық бірлікті (15,7 миллион шақырымды) құрды.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (1201—1300) (433) Эрос Санат:Астероидтар