Тольятти (1964 жылға дейін — Ыстауырпол) — Ресейдің Самара облысындағы қала, Ставрополь ауданының әкімшілік орталығы. Облыстық маңызы бар қала бола отырып, құрамында бір ғана елді мекені бар Тольятти қалалық округі муниципалдық құрылымын құрайды. Самара–Тольятти агломерациясының құрамына кіреді.Волгадағы Ыстауырпол

Қала Еділ өзенінің сол жағалауында, Жигули тауларына қарсы бетте орналасқан. Халқы — 662 683 адам (2025). Ресей Федерациясы субъектісінің орталығы болып табылмайтын қалалардың ішінде халқы ең көп қала, халық саны бойынша Ресейде 19-орында тұр.Тольятти-Ысамар

Қала туралы Тольятти — ірі автомобиль жасау («АвтоВАЗ», «Лада Запад Тольятти») және химия өнеркәсібінің («Тольяттиазот», «Куйбышевазот», «Тольяттикаучук») орталығы. Сонымен қатар теміржол, өзен және автомобиль көлігі жақсы дамыған. М5E30 / AH6 автожолы Жигулёв СЭС-інің бөгеті арқылы Еділ өзенінен өтіп, қала аумағымен шамамен 2 км бойы өтеді. Ең жақын әуежай — Күрміш. Қала Еділ өзенінің бойымен шамамен 30 км-ге созылып жатыр және үш ауданнан тұрады: Автозавод, Орталық және Комсомол аудандары.

Тольяттиде бес жоғары оқу орны бар, олардың ішіндегі ең көнесі — Тольятти мемлекеттік университеті. Бірнеше ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейді. Қалада мұражайлар, театрлар, қалалық симфониялық оркестр, консерватория және филармония бар. Қала күні маусым айының бірінші жексенбісінде аталып өтеді. Қаланың маңында жыл сайын жүздеген мың қатысушыны жинайтын Грушин фестивалі өткізіледі. Тарихы Қала 1737 жылы көшпелілердің шабуылынан орыс жерлерін қорғау және шоқынған қалмақтарды қоныстандыру мақсатында Василий Татищев негізін қалаған Волгадағы Ыстауырпол атты қала-қамал ретінде құрылды. 1737 жылғы 20 маусымда императрица Анна Иоанновна шоқынған қалмақ ханшайымы Анна Тайшинаға грамотаны табыс етіп, онда қаланың негізі қаланғаны жазылды. Осы күн қаланың тарихының басталуы болып есептеледі.XIX ғасырда және XX ғасырдың басында қала Ресейде қолжетімді климаттық курорт әрі қымызбен емдеу орны ретінде танымал болды.1744—1780 жылдары қала Орынбор губерниясының құрамында болды. XIX ғасырдың басынан XX ғасырдың басына дейінгі жүз жыл ішінде қала халқы дерлік өзгермеді: Ыстауырполде 6 мыңнан сәл астам адам тұрды. Ол кезең үшін Ыстауырпол орташа көлемдегі қала саналды. Қалаға іргелес Ыстауырпол уезінде 250 мыңнан астам адам өмір сүрді. Қалада бір земство ауруханасы, 6 оқу орны, 2 қонақүй, 6 фабрика мен зауыт, 1 су диірмені және 4 жел диірмені жұмыс істеді. Экономикалық маңызының төмен болуына байланысты 1924 жылы Ыстауырпол ауылдық елді мекенге айналдырылды. Тек 1946 жылы Ыстауырполға қайтадан қала мәртебесі берілді.Самара облысы тарихы КСРО — «Хозяйство» (1922–1982)

Дереккөздер