Футзалдан Еуропа чемпионаты 2026 () — УЕФА ұйымдастыратын футзалдан құрлықтық турнир. Турнирдің финалдық кезеңін Латвия, Литва және Словения қабылдайды. Финалдық кезең ойындары 2026 жылғы 21 қаңтар мен 7 ақпан аралығында өтті.
Финалдық кезеңде 16 құрама қатысатын екінші чемпионат.https://editorial.uefa.com/resources/02a1-1fb0e55865d1-721c44a8981a-1000/futsal_euro_2026_tournament_press_kit.pdf Бұған дейін финалдық кезеңге 12 команда қатысатын. Сонымен қатар 2022 жылдан бастап турнир екі жылда бір рет емес, төрт жылда бір рет өткізіледі. Жаңа форматтағы алғашқы футзал Еуросын 2022 жылы Нидерланд қабылдады.
Тарихы Турнирді қабылдаушы елдер 2023 жылғы 2 желтоқсанда Гамбургте өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында 2026 жылғы Футзалдан Еуропа чемпионатын өткізу құқығы Латвия мен Литваға берілді. Бұл екі ел футзалдан Еуропа чемпионатын алғаш рет екі ео бірлесіп өткізетін қожайындар атанды. Латвия және Литва футбол федерациялары үшін бұл ұлттық құрамалар деңгейіндегі ересектер арасындағы алғашқы ірі УЕФА турнирі.
2025 жылдың 27 маусымында УЕФА Атқарушы комитеті турнирді өткізуші елдер қатарына Словенияны үшінші мемлекет ретінде қосты. Турнир қожайындары Латвия мен Литваның заңнамасы бойынша өз аумағында Беларусь командаларының қатысуымен етін матчтарды ұйымдастыруға тыйым салынған. Турнирдің бейтараптығын сақтау және кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында УЕФА ұйымдастырушы ретінде (2018 жылғы Еуропа чемпионатын өткізген) және инфрақұрылымы дайын болғандықтан Словенияны таңдады. Словения құрамасы автоматты түрде C тобына орналастырылды. Беларусь құрамасы ойындарын Словения аумағында өткізу үшін міндетті түрде C немесе D тобына түсетін болды.
Ареналар
🇱🇻 «Арена Рига» (Рига, Латвия). Бұл спорт кешені бұған дейін 2019 жылғы 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатын және 2022 жылғы Футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңін қабылдаған. A тобының барлық ойындары және бір ширек финал. 🇱🇹 «Жальгирис Арена» (Каунас, Литва). Литваның екінші үлкен қаласындағы арена 2021 жылғы Футзалдан Әлем чемпионатының 22 ойынын (оның ішінде ашылу матчы мен финалды) өткізген. B тобының барлық ойындары және бір ширек финал. 🇸🇮 «Стожице» аренасы. C және D топтарының ойындары, екі ширек финал, жартылай финалдар, үшінші орын үшін матч және финал. Турнирдің негізгі бөлігі осында өтеді. 🇸🇮 «Тиволи» аренасы. Топтық кезеңнің соңғы турындағы қатар өтетін екі матчты қабылдайды.
Елдер бойынша турнир жеңімпаздары +Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлеріЖылӨткен жеріЖеңімпазЕсепФиналист1996 Испания5:3 Ресей1999 Ресей3:3 (пен. 4:2) Испания2001 Испания2:1 (алтын гол) Украина2003 Италия1:0 Украина2005 Испания2:1 Ресей2007 Испания3:1 Италия2010 Испания4:2 Португалия2012 Испания3:1 (қ.у.) Ресей2014 Италия3:1 Ресей2016 Испания7:3 Ресей2018 Португалия3:2 (қ.у.) Испания2022 Португалия4:2 Ресей2026 Испания5:3 Португалия
Қатысушы елдер
Турнирдің іріктеу кезеңіне 44 ұлттық құрама қатысты. Іріктеуден өткен 16 команда 4 топқа бөлініп финалдық кезеңде ойнайды. A тобыB тобыC тобыD тобы Латвия (алаң иесі) Хорватия Франция Грузия Армения Чехия Литва (алаң иесі) Украина Бельгия Беларусь Испания Словения (алаң иесі) Венгрия Италия Польша Португалия (чемпион)
Топтық кезең
А тобы №ҚұрамаОЖТЖең.Соғ.Өтк.АйырмаҰпай1 Франция3210103 +772 Хорватия312085 +353 Латвия310259−434 Грузия301239−61
В тобы №ҚұрамаОЖТЖең.Соғ.Өтк.АйырмаҰпай1 Армения3210108 +272 Украина3201106 +463 Литва3021710−324 Чехия30121013−31
С тобы №ҚұрамаОЖТЖең.Соғ.Өтк.АйырмаҰпай1 Испания3300164 +1292 Бельгия31021115−433 Словения3102811−334 Беларусь310238−53
D тобы №ҚұрамаОЖТЖең.Соғ.Өтк.АйырмаҰпай1 Португалия3300145 +992 Италия311188043 Венгрия311179−244 Польша3003411−70
Плей-офф ойындары
Ширек финал
Жартылай финал
Финал
Дереккөздер
Санат:Футзалдан Еуропа чемпионаты Санат:2026 жылғы спорт