StarCraft II: Wings of Liberty — америкалық Blizzard Entertainment компаниясы 2010 жылы шығарған ғылыми фантастикалық компьютерлік стратегия. Бұл 1998 жылғы StarCraft ойынының жалғасы болып келеді.

Ойын негізімен Жерліктер расасына арналған. Жалпы, екінші бөлім трилогия болып шықты: кейінгі ойындар сәйкесінше Зергтер және Протостар жайында баяндайды.

Ойын көптеген жағымды бағалар алды. Мысалы, Metacritic аггрегаторы оған 93% берсе, GameRankings 92,39% берді. Интерактивті өнер мен ғылымдар академиясы ойынды «жылдың үздік стратегиясы» және «онлайн-геймплейдегі ерекше жетістік» деген номинацияларда марапаттады.

2016 жылы Time журналы оны өзінің Барлық уақыттың үздік 50 видео ойыны тізімінде 26-шы орынға орналастырды.

2017 жылдың қарашасынан бастап бүкіл трилогия Интернет қолданушыларға тегін пайдалануға берілді.

нобай|солға|Gamescom 2015 залында Дереккөздер

Санат:Windows-ке арналған ойындар Санат:MacOS-ке арналған ойындар Санат:Blizzard Entertainment ойындары Санат:StarCraft Санат:Сиквел видео ойындар