Қазақстан Азия ойындарына дербес мемлекет ретінде 1994 жылдан бастап қатысады. Осы уақытқа дейін Қазақстан спортшылары 8 жазғы (1994—2022) және 7 қысқы (1996—2025) Азия ойындарына қатысты.
Жазғы Азия ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы барлығы 637 медаль (165 алтын, 180 күміс және 292 қола) иеленді. Жалпы командалық есепте ең жоғары көрсеткіш ретінде 4-орынды төрт рет (1994, 2002, 2006, 2014) иеленген.
Қысқы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары барлығы 216 медаль (82 алтын, 71 күміс және 63 қола) жеңіп алды. Қазақстан қатысқан барлық қысқы Азия ойындарында жалпы есепте үздік төрт елдің қатарына кірді.
2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында VII Қысқы Азия ойындары өтті. Бұл додада Қазақстан құрамасы 32 алтын медаль иеленіп, жалпы командалық есепте алғаш рет бірінші орынға табан тіреді. Сонымен қатар Қазақстан делегациясы Азия Пара ойындары, Жабық кешендегі Азия ойындары және Жағажай Азия ойындары сияқты құрлықтық жарыстарға да тұрақты қатысып келеді.
Жазғы Азия ойындары
Дереккөзі: Ойындар бойынша медальдар Ойындар Орын Алтын Күміс Қола Барлығы 1994 Хиросима 4 27 25 27 79 1998 Бангкок 5 24 24 30 78 2002 Пусан 4 20 26 30 76 2006 Доһа 4 23 20 42 85 2010 Гуанчжоу 5 18 23 38 79 2014 Инчхон 4 28 23 33 84 2018 Джакарта/Палембанг 9 15 17 44 76 2022 Ханчжоу 11 10 22 48 80 2026 Нагоя Болашақ оқиға Барлығы 6 165 180 292 637
Қысқы Азия ойындары
*Қызыл жиекпен белгіленген ойындар Қазақстанда өткенін білдіреді.
Ойындар бойынша медальдар Ойындар Орын Алтын Күміс Қола Барлығы 1996 Харбин 2 14 9 8 31 1999 Канвондо 3 10 8 7 25 2003 Аомори 4 7 7 6 20 2007 Чанчунь 4 6 6 6 18 2011 Астана мен Алматы 1 32 21 17 70 2017 Саппоро мен Обихиро 4 9 11 12 32 2025 Харбин 4 4 9 7 20 Барлығы 4 82 71 63 216
Спорт түрлері бойынша медальдар Жазғы Спорт түрі Алтын Күміс Қола Барлығы 25px Жеңіл атлетика 25 23 23 71 25px Байдаркада және каноэде есу 25 21 18 64 25px Нысана көздеу 21 30 35 86 25px Бокс 16 14 15 45 25px Велоспорт 15 12 6 33 25px Күрес 12 20 31 63 25px Ауыр атлетика 12 9 11 32 25px Каратэ 10 8 8 26 25px Су добы 7 2 2 11 25px Жүзу 5 5 15 25 25px Көркем гимнастика 5 3 1 9 25px Семсерлесу 3 3 13 19 25px Қазіргі бессайыс 3 1 3 7 25px Дзюдо 2 12 28 42 25px Теннис 1 1 3 5 25px Триатлон 1 0 2 3 25px Регби 1 0 1 2 25px Волейбол 1 0 1 2 25px Академиялық есу 0 4 7 11 25px Тхэквондо 0 3 16 19 25px Спорттық гимнастика 0 3 12 15 25px Гандбол 0 2 1 3 25px Ушу 0 1 3 4 25px Садақ ату 0 1 5 6 25px Синхронды жүзу 0 0 5 5 25px Суға секіру 0 0 2 2 25px Джиу-джитсу 0 0 2 2 25px Шахмат 0 0 1 1 25px Баскетбол 0 0 1 1 25px Спорттық бал билері 0 0 1 1 25px Кураш 0 0 1 1 Барлығы 165 180 292 637
Қысқы Спорт түрі Алтын Күміс Қола Барлығы 25px Шаңғы жарысы 30 22 19 71 25px Биатлон 19 13 15 47 25px Шаңғымен бағдарлау 8 5 1 14 25px Шайбалы хоккей 8 2 4 14 25px Тау шаңғы спорты 5 7 4 16 25px Фристайл 5 6 11 22 25px Шаңғымен трамплиннен секіру 3 7 5 15 25px Конькимен жүгіру 2 5 3 10 25px Мәнерлеп сырғанау 2 3 3 8 25px Допты хоккей 1 0 0 1 25px Шорт-трек 0 1 3 4 Барлығы 82 71 63 216
Ту ұстаушылар Дереккөзі: Жазғы Азия ойындары Жыл Ту ұстаушы Спорт түрі 1994 Хиросима Дәулет Тұрлыханов Грек-рим күресі 1998 Бангкок Ермахан Ыбрайымов Бокс 2002 Пусан Мұхтархан Ділдәбеков Бокс 2006 Доха Бақтияр Артаев Бокс 2010 Гуанчжоу Серік Сәпиев Бокс 2014 Инчхон Әділбек Ниязымбетов Бокс 2018 Джакарта Әбілхан Аманқұл Бокс 2022 Ханчжоу Асланбек Шымбергенов Бокс Надежда Дубовицкая Жеңіл атлетика
Қысқы Азия ойындары Жыл Ту ұстаушы Спорт түрі 1996 Харбин Владимир Смирнов Шаңғы жарысы 1999 Канвондо Владимир Смирнов Шаңғы жарысы 2003 Аомори Радик Бикчентаев Конькимен жүгіру 2007 Чанчунь Талғат Жайлауов Шайбалы хоккей 2011 Астана-Алматы Талғат Жайлауов Шайбалы хоккей 2017 Саппоро Ердос Ахмадиев Шаңғы жарысы 2025 Харбин Әділ Бекетаев Шайбалы хоккей Ольга Тихонова Шорт-трек
Дереккөздер
Санат:Азия ойындарындағы Қазақстан Санат:Қазақстандағы спорт