Либман — Сакс эндокардиті (ағылш. Libman–Sacks endocarditis) — эндокардиттің бактериалдық емес түрі.
Оны алғаш рет 1924 жылы Нью-Йорктің дәрігерлері Эмануэль Либман және Бенджамин Сакс сипаттаған.
Себебі Ауру қызыл жегі, антифосфолипидтік синдром немесе онкологиямен қатар жүреді.
Жүйелік қызыл жегі кезінде Либман — Сакс эндокардиті перикардитке, тромбоздарға немесе нейропсихиатриялық ауытқуларға әкелуі мүмкін.
Белгілері Әдетте асимптоматикалық түрде өтеді. Науқастарда эмболия жиі байқалады. Кейде жүрек қақпақшаларының дисфункциясы арқылы білінеді.
Диагностикасы Эхокардиография арқылы анықталады. Немесе қайтыс болғаннан кейін аутопсиямен белгілі болады.
Болжам Көбінесе 40-80 жастағы адамдарда анықталады.
Ауру жоғары өлім-жітім көрсеткішімен ерекшеленеді.
Дереккөздер
Санат:Жүрек аурулары