Бидайық-асар аспабы — Жетіасар мәдениетіне жататын Бидайық-асар қалашығынан табылған, біздің заманымыздың IV ғасырына тиесілі көне ішекті музыкалық аспап. Бұл жәдігер Орталық Азиядағы ағаштан жасалған ең көне музыкалық аспаптардың бірі болып табылады.

Тарихы және табылуы Аспап 2018 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының (жетекшісі Ә. Тәжекеев) археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған.АР19578213 - «Шығыс Арал маңының археологиялық мұраларын өзектендіру (Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының жаңа архивтік деректерін жүйелеу)» Жәдігер Бидайық-асар қалашығының екінші құрылыс кезеңіне (б.з. IV ғ.) жататын мәдени қабаттан шыққан.

Сипаттамасы Аспап тұтас ағаштан ойып жасалған. Сақталған фрагменттерінің жалпы ұзындығы — 65,5 см. Құрылымы: Аспаптың екі мойны (гриф), екі құлағы және ортақ шанағы болған. Бұл құрылым оны қазіргі «Қоссаз» немесе қос мойынды домбыраларға жақындатады. Көркемделуі: Шанағының сыртқы бетінде «қаңқа» (скелеттік) стилінде салынған аңдардың (тазы, ақбөкен, қарақұйрық, жылқы) бейнелері бар.

Ғылыми маңызы Норвегиялық музыка тарихшысы Г. Коллтвейт бұл аспапты Ұлыбританиядағы Саттон-Ху обасынан табылған (б.з. VII ғ.) лирамен салыстыра отырып, Бидайық-асар жәдігерінің одан үш ғасыр бұрын пайда болғанын атап өткен.

Аспап қазіргі таңда Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайында сақтаулы.

Дереккөздер

Санат:Жетіасар мәдениеті Санат:Қазақтың музыкалық аспаптары Санат:Археологиялық олжалар