Раиса Әлиқызы Байжолова — экономика ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1955 жылы 25 қаңтарда Қызылорда қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін (1977), қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті бітірген. Жезқазған педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1978-1996), Жезқазған университетінде аға оқытушы (1996-99), Еуразия университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1999-2005) қызметтерін атқарды. 2005 жылдан осы университетте доцент.

Ғылыми еңбектері Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты – жаһандану мен ұлттық еңбек нарығының өзара байланысы жəне жаһанданудың ұлттық еңбек нарығына тигізетін əсері. "Жаһандану жағдайында ұлттық еңбек нарығын мемлекеттік реттеу" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 70-тен астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 6 монографияның авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары