Меруерт Арыстанқызы Ғазалиева — медицина ғылымының докторы (2010), доцент (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1982 жылы 3 тамызда Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында туған.

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын (2005, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина университеті), интернатурасын (2006) бітірген. Қазақстан-Ресей университетінде доцент (2005-07), Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында ассистент (2006-07), Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде профессор (2008-12), 2012 жылдан Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде кафедра доценті.

Ғылыми еңбектері Ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыттары өндірістің жəне қоршаған ортаның денсаулыққа əсерін бағалау, науқастықтың зиянды поллютанттармен байланысы күшін анықтау, қауіп факторларының жəне олардың үйлесімдерінің əсері, медициналық-гигиеналық критерийлер стратегияларын жəне экологиялық мониторинг принциптерін əзірлеу болып табылады. 100-ден астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 3 əдістемелік нұсқау, 2 оқу құралы, 1 оқу-əдістемелік құралы, 7 алдын ала патенттің авторы.

Марапаттары ҚР Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты(2008); Қарағанды облысы əкімінің "Қайнар" сыйлығы лауреаты (2011); "ЖОО үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының иегері (2009).Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Сыртқы сілтеме https://amu.edu.kz/Divisions/940/

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қарағанды медицина университеті түлектері