Канадалық антициклон, сондай-ақ Солтүстік Америкалық антициклон — Солтүстік Америка үстіндегі атмосфералық қысымы жоғары аймақ, оның орталығы Кордильера тауларының үстінде орналасқан. Ол атмосфера әрекетінің маусымдық орталықтарының бірі болып табылады. Бұл антициклон қыс айларында, Солтүстік Америка материгінің кең аумақтары қатты салқындаған кезде қалыптасады.
Антициклон орталығындағы орташа қысым қаңтар айында шамамен 1020 миллибарды құрайды.
Канадалық антициклон көбіне оған ілесетін циклондармен бірге бүкіл құрлық арқылы шығысқа қарай жылжиды. Антициклон әкелетін суық ауа тығыз болғандықтан, әдетте 3 километрден жоғары көтерілмейді, сондықтан Скалисті таулар оның қозғалысын жиі тежейді. Өте суық қыстарда канадалық антициклон бұл таулардан асып өтіп, АҚШ-тың оңтүстік-батысына және Мексикаға суық фронт әкелуі мүмкін. Атлант мұхитына жеткен соң, канадалық антициклон әдетте Азор антициклонымен қосылады.
Канадалық антициклон Азиялық максимумға ұқсас, алайда ол әлдеқайда кіші және Солтүстік жарты шардың ауа райына әсері де әлсіздеу.
Сілтемелер
Канадский антициклон // Большая советская энциклопедия : [в 30 т.] / гл. ред. А. М. Прохоров. — 3-е изд. — М. : Советская энциклопедия, 1969—1978.