Сыртқы аудит — аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім—шарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты - бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық керсеткіштерін дұрыс анықталғандығын, шығарылғандығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру.

Осындай тиянақты тексеру жүргізілгеннен кейін аудиторлар шаруашылық субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасыныд даму бағытын көрсетіп, оның қаржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, қаржы қолданудың тиімді, пайдалы қолдануына түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорынның қаржы жағдайының және төлем жасау тұрақтылығын, қандай даму, қаржы қорларының бар екеніне толық түсініктеме береді.

Сыртқы қаржылық бақылау нәтижелерін дайындау, жоспарлау, жүргізу және тіркеу негіздері Сыртқы қаржылық бақылау — бұл мемлекеттік немесе тәуелсіз бақылау органдары арқылы жүргізілетін тексеру, оның мақсаты — қаржылық есептілік пен операциялардың заңдылығын, дұрыстығын және тиімділігін қамтамасыз ету. Сыртқы қаржылық бақылауды тиімді жүргізу үшін бірнеше маңызды қадамдар бар:

Жоспарлау: Аудит жүргізудің бірінші кезеңі — аудит жоспарын әзірлеу. Бұл жоспар аудиторлық тексерудің нақты мақсаттарын, міндеттерін және тексеру ауқымын анықтайды. Жоспарда аудит жүргізу әдістері, тексеру мерзімі және жауапты тұлғалар белгіленеді.

Дайындау: Аудиторлар тексеруге қажетті ақпаратты жинап, талдауға дайындалады. Бұл кезеңде аудиторлық есептілік пен қаржылық құжаттар зерттеледі, тәуекелдер анықталады және тексерудің негізгі бағыттары белгіленеді.

Жүргізу: Тікелей тексеру барысында аудиторлар қаржылық есептілікті тексеріп, мәліметтердің заңдылығын және дұрыстығын бағалайды. Олар құжаттарды қарап, есеп айырысу шоттарын талдайды және сұхбаттар жүргізеді.

Нәтижелерді тіркеу: Тексеру нәтижесінде аудит қорытындысы жасалады. Бұл қорытындыда аудиторлық тексерудің негізгі нәтижелері, анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктер, сондай-ақ ұсыныстар беріледі.

Сыртқы аудиттің Қазақстанда қалыптасуы және одан әрі дамуы Біздің елімізде аудит дамуы 1987 жылы «Инаудит» акционерлік қоғамы пайда болуынан басталады. Ол КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысына сай құрылған. Оның құрылуы елімізде аудитты ары қарай дамытуға зор ықпал етті. Шаруашылық есептегі ревизиялық топтармен салыстырғанда жоғары ұйымдық-құқықтық нысанға ие болғанымен фирма мемлекетгік бақылау органы базасында құрылды, ал құрылтайшылары одақ министрліктері болды. Бірегей құрылым ретіңде «Инаудит» сақталмады, ол бірнеше жеке аудиторлық фирмаларға бөлініп кетті.

1989 жылы ҚазССР-ының Қаржы министрлігінің бақылау-ревизиялық басқармасы жанында шаруашылық есептегі ревизиялық топ құрылды. Содан соң оның базасында 1990 жылы үкімет шешімімен алғашқы «Шаруашылық есептегі аудиторлық орталық» аудиторлық фирмасы мен оның аумақтық бөлімшелері ұйымдастырылды.

1990 жылдан бастап рынокта «Эрнест энд Янг Сыртқы аудит» БК пайда болды. Ол орналасқан жері және иелігіне қарамастан олардың өтініштері бірлескен кәсіпорындарға аудиторлық тексерулер жүргізді. Бұл сол кезде «Үлкен алтылыққа» енген ірі континент аралық аудиторлық фирма еді. Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық аудиторлық ұйымдар мен жергілікті аудиторлық фирмалар өз қызметтерін дамытуда. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 05.04.2001 жылғы №173 «Аудиторлық ұйымдар мен кредиттік рейтингтік агенттіктер тізімін бекіту туралы» бұйрығымен жыл сайын ұйымдар аудитін жүргізу және кредиттік рейтингті ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28-ақпанындағы №290 «Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (үлттық компаниялар) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес дәлелдеу мақсатында «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС, «КПМГ Жанат» ЖШС, «ЭрнстЭндЯнг» ЖШС, «ВДО Қазақстан-аудит» ЖШС (соңғы аудиторлық фирма ҚР Қаржы министірінің 2004 жылғы 19-шілдедегі №294 бұйрығымен бекітілген) сияқты аудиторлық ұйымдар тізімі бекітілген.

Дереккөздер

Санат:Аудит