thumb|right Нобай, эскиз ( – алғашқы долбар сурет) – көркем сурет туындыларының, құрылыстардың, механизмдердің тұтас немесе жеке бөліктерінің алдын-ала жасалған жоба суреті; қолмен, масштабы көз мөлшерімен есептеленіп жасалынатын сызба.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0

Нобай салынатын нысанның жалпы тұрпаты мен негізгі белгілерін қамтиды. Нобай еркін әрі жылдам салынады. Ежелгі суретшілер, сәулетшілер әр алуан қимыл-қозғалыстағы денелердің қайталанбас сәтін дәл бейнелеп, долбар суреттерді, сызбаларды көптеп салған (Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти). Кескіндеме мен мүсін өнерінде де Нобай қолданылады. Нобай суреттер қас-қағым сәтте қайталанбас көріністі беруде таптырмас тәсіл. Осындай суреттерді Ш.Уәлиханов көп салған (“Ұйғырдың бейнесі” 1856, “Қоғадай мен Тоғалдай” 1856, “Мырзалар” 1863, т.б.). М.Кенбаев, Қ.Телжанов, т.б. Қазақстан суретшілерінің Нобай суреттері бар.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік/ профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Қағаз өнері Санат:Сурет өнері