Насыр әд-дин ибн әмір Мұзаффар (), сондай-ақ Насыр әд-дин әл-Ханафи әл-Хусейни әл-Бұхари (, 1850–1922) есімімен де белгілі — Бұхара әмірлігінің өзбекАнке фон Кюгельген, Легитимация среднеазиатской династии мангитов в произведениях их историков (XVIII–XIX вв.). Алматы: Дайк-пресс, 2004, с.203 тарихшысы, тәжік тілінде жазылған бірнеше тарихи еңбектердің авторы.
Өмірбаяны thumb|Бұхара қамалы Насыр әд-дин XIX ғасырдың ортасында Бұхара әмірі Мұзаффардың отбасында дүниеге келген. Ол оның оныншы ұлы болған. Бұхара медреселерінде білім алған, 1921–1923 жылдары БНХР-ның (Бұхара Халық Кеңес Республикасы) Бұхара ғылыми қоғамының мүшесі болды.
1923 жылдың шілдесінде соңғы Бұхара әмірі Сейіт Әлім ханның талабымен әмірдің басқа да туыстарымен бірге Ауғанстанға жіберілді. 1920-жылдары Кабулда қайтыс болған.
Шығармашылығы Насыр әд-дин «Тухфат аз-заирин» ( — «Зияратшыларға сый») атты тарихи шығарманың авторы. Кітапты жазу жұмыстары 1906 жылы аяқталған.Захидова С. А., Рукопись «Тухфат-уз-заирин» Насираддина ибн амир Музаффара как источник по изучению городской культуры Бухары // Общественные науки в Узбекистане, № 3, 2001, с.57
Оның басқа да шығармаларының қатарында өзбектердің Шайбани, Аштархан және Маңғыт әулеттерінің тарихына арналған «Асар ус-салатин» ( — «Билеушілер туралы есте қаларлық деректер», 1904), «Кунуз әл-атқия» ( — «Тақуалар қазынасы»), сондай-ақ 1921–1922 жылдары жазылған «Тахқиқат-и арқ-и Бұхара» ( — «Бұхара арқы туралы зерттеулер») атты еңбектері атап өтіледі.
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша ғалымдар Санат:XX ғасыр тарихшылары Санат:XIX ғасыр тарихшылары Санат:Өзбек хандықтарының мәдениет және өнер қайраткерлері