Жанар Есентайқызы Сәрсекеева — педагогика ғылымының докторы (2011), доцент (2010), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы 1977 жылы 4 наурызда Қарағанды қаласында туған.

Қарағанды мемлекеттік университетін (1999, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) және аспирантурасын (2005) бітірген. 1999-2003 жылдары Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназияда мұғалім, 2003-11 жылдары Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2011 жылдан кафедра профессоры.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – кәсіптік оқытудың теориясы мен әдістемесі. "Болашақ мұғалімдердің кәсіптік ойлау қабілетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 100-ден астам ғылыми еңбектің, 1 оқу құралының авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Марапаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" грантының иегері (2010); ҚР Тұңғыш Президенті Қорының ғылым және техника саласындағы сыйлығы лауреаты (2010); Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияның иегері (2012); Т.Қ. Қамзабаев атындағы сыйлығы лауреатының дипломы (2018).Жеке ақпарат.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар