Ләззат Мықтыбекқызы Сембиева — экономика ғылымының докторы (2008), доцент (2002), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы 1969 жылы 1 қаңтарда қазіргі Ұлытау облысы, Қаражал қалысында туған.
Қарағанды мемлекеттік университетін (1991, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) бітірген. 1991-96 жылдары Қазтұтынуодағының Қарағанды институтында ассистент, 1996 жылдан Еуразия ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін атқарады.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – ақша-несие және қаржы саясаты. "Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі ақша-несие саясаты: теориясы, әдістемесі, жүзеге асыру механизмі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 1 монография, 6 оқу құралының авторы.
Марапаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2011, 2023);Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. Ғылыми сыйлықтар, ғылыми стипендиялар, гранттар (2012, 2018, 2019, 2025); Қазақстан Республикасының Шапағат медалі (2016); Халықаралық лауазымдар мен дипломдардың иегері (2012, 2016, 2023); Еуразия ұлттық университетінің "Үздік профессоры" (2017); Қаржы қызметінің үздігі (2022).Сембиева Ляззат Мыктыбекқызы.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Известные учёные.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Еуразия ұлттық университетінің профессорлары