Америка сценарийшілер гильдиясының сыйлығы (, WGA) — кино, телевизия және радио саласындағы үздік сценарийлік жетістіктер үшін берілетін жыл сайынғы америкалық марапат. Сыйлық 1949 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Америка сценарийшілер гильдиясы тарапынан табысталып келеді. Марапаттау рәсімі әдетте ақпан айының басында, «Оскар» сыйлығының салтанатты кешінің алдында өткізіледі.

Санаттар Кино Үздік бейімделген сценарий (Best Adapted Screenplay) Үздік түпнұсқалық сценарий (Best Original Screenplay) Үздік деректі фильм сценарийі (Best Documentary Screenplay)

Телевизия Комедиялық сериал (Comedy Series) Драмалық сериал (Dramatic Series) Эпизодтық комедия (Episodic Comedy) Эпизодтық драма (Episodic Drama) Ұзақ формат — бейімделген (Long Form – Adapted) Ұзақ формат — түпнұсқа (Long Form – Original) Жаңа медиадағы қысқа формат (Short Form New Media) Жаңа сериал (New Series) Анимация (Animation) Комедиялық-ойын-сауық ток-шоу сериалдары (Comedy/Variety Talk Series) Комедиялық-ойын-сауық — скетч сериалдары (Comedy/Variety – Sketch Series) Үздік комедиялық-ойын-сауық — арнайы шығарылымдар (Best Comedy/Variety – Specials) Күндізгі сериалдар (Daytime Serials) Балаларға арналған бағдарлама сценарийі (Children's Script) Үздік викторина және аудиториямен жұмыс (Best Quiz and Audience) Деректі бағдарлама сценарийі — ағымдағы оқиғалар (Documentary Script – Current Events) Деректі бағдарлама сценарийі — өзге де мәселелер (Documentary Script – Other Than Current Events)

Жаңалықтар ТВ жаңалықтар сценарийі — тұрақты кесте, бюллетень немесе шұғыл репортаж (TV News Script – Regularly Scheduled, Bulletin, or Breaking Report) ТВ жаңалықтар сценарийі — талдау, очерк немесе түсініктеме (TV News Script – Analysis, Feature, or Commentary) Цифрлық жаңалықтар (Digital News) Радио Радио жаңалықтар сценарийі — тұрақты кесте, бюллетень немесе шұғыл репортаж (Radio News Script – Regularly Scheduled, Bulletin, or Breaking Report) Радио жаңалықтар сценарийі — талдау, очерк немесе түсініктеме (Radio News Script – Analysis, Feature or Commentary) Радио деректі бағдарлама (Radio Documentary)

Өмірлік жетістіктері үшін марапаттар Жыл сайын марапаттау рәсімінде өмірлік жетістіктері үшін екі марапат табысталады. Бірі кино екіншісі телевизия саласындағы сценарийлер үшін беріледі:

Телевизиялық сценарийдегі жетістіктері үшін «Лорел» сыйлығы (Laurel Award for TV Writing Achievement) Киносценарийдегі жетістіктері үшін «Лорел» сыйлығы (Laurel Award for Screenwriting Achievement)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Writers Guild of America awards list Америка сценарийшілер гильдиясы (Шығыс) ресми сайты Америка сценарийшілер гильдиясы (Батыс) ресми сайты

Санат:АҚШ киножүлделері