Суфиян хан (; 1535 жылы қайтыс болған, Үргеніш) — 1525—1535 жылдары Хорезм мемлекетінде (Хиуа хандығында) билік еткен Арабшахтар әулетінің төртінші өкілі.
Шығу тегі Суфиян хан — Әмінек ханның ұлдарының бірі және Өзбек ұлысының билеушісі Жәдігер ханның ұрпағы.
Билікке келуі Суфиян хан 1525 жылы Хасанқұл хан қайтыс болғаннан кейін билікке келді. Оның төңірегіне ең көп санды және қуатты әулеттік топ бірікті, олар Хорезмге келген бетте Хиуа, Хазарасп және Қият қалаларын басып алды. Суфиян хан мен оның айналасындағы сұлтандар өз жасақтарымен Хорезмнің оңтүстік-шығыс бөлігін, сондай-ақ Копетдагтың солтүстік беткейіндегі бірқатар аймақтарды бағындырды. Жаулап алу процесі жер иеліктерінің жаңаша бөлінісіне алып келді. Сонымен, Уәзір, Жаңішаһар, Тирсақ, сондай-ақ Дарун мен Маңғыстау түбегі түрікмен тайпаларымен бірге Берке сұлтанның немерелеріне тиді, олардың ішіндегі ең қуаттысы Сұлтанғазы болды. Әмінек ханның төрт ұлы Хиуа, Хазарасп, Қият, Бағабад, Ниса және басқа да қалалардағы билікті өзара бөліске салды, сондай-ақ олар Абылхан мен Дабыстанда тұратын түрікмендерді де өздеріне бағындырды.Веселовский Н.И. Очерк историко-географических сведений о Хивинском ханстве. Спб, 1877, с.103
Суфиян ханның билігімен бірге Хорезмдегі билік біржола Әмінек хан әулетінің өкілдеріне өтті. Ал Берке сұлтанның ұрпақтары біртіндеп өз позицияларынан айырылып, соңында Бұхараға қашуға мәжбүр болды.
Суфиян хан 1535 жылы қайтыс болғаннан кейін, Хорезмдегі билікке оның інісі Буджуга хан келді.
Әдебиет Гулямов Я.Г., История орошения Хорезма с древнейших времен до наших дней. Ташкент. 1957 История Узбекистана. Т.3. Т., 1993. История Узбекистана в источниках. Құрастырушы Б.В. Лунин. Ташкент, 1990 История Хорезма. И.М. Муминовтың редакциясымен. Ташкент, 1976
Дереккөздер
Санат:Хорезм билеушілері