Милиция майоры () — 1936-1943 жылдар аралығында КСРО ІІХК және ІІМ милициясының жоғарғы басқарушы құрамның арнайы атағы. Бұл атақ ІІХК мемлекеттік қауіпсіздік майорына, ЖШҚӘ бригкомына, ЖШҚФ 1-дәрежелі капитанына теңестірілген болатын. 1943 жылы «милиция майоры» атағы армиядағы «майор» атағымен теңестірілді. Бұл арнайы атақ милиция аға майорынан төмен және милиция капитанынан жоғары тұрды. 1943 жылдан кейін милиция подполковнигінен төмен тұрды. КСРО милициясында 1991 жылға дейін болды, ал Қазақстанда бұл атақ 1998 жылы желтоқсанда «полиция майорына» алмастырылды.

Тарихы Милиция инспекторы атағы КСРО ОАК мен КСРО ХКК 1936 жылғы 26 сәуірдегі қаулысымен КСРО ІІХК жұмысшы-шаруа милициясы органдары басшылық құрамы үшін енгізіліп, ІІХК-ның 1936 жылғы 5 мамырдағы № 157 бұйрығымен жарияланды.

Бұл жүйе 1943 жылдың 9 ақпанына дейін, КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының «ІІХК және милиция басқарушы құрамның атақтары туралы» Жарлығымен жалпыәскери атақтарға ұқсас жаңа арнайы атақтарды енгізгенге дейін қолданылды. Осы кезде милиция майоры атағы аға басқарушы құрамға кірді.

Кіші атақ:Милиция капитаны30pxІІХК ЖШМББ / КСРО ІІМ1936-1991Милиция майоры Жоғарғы атақ:Милиция аға майоры (1936—1943) Жоғарғы атақ:Милиция подполковнигі (1943—1991)

Қазақстан 1992 жылы 23 маусымда «ҚР Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, бұл елдің ішкі істер органдарының міндеттері мен атқарымдарын анықтайтын алғашқы нормативтік акт болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 9 желтоқсандағы №30 Жарлығымен қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін құру мақсатында 1998 жылы Қазақстан милициясы полиция болып өзгертілді.

Айырым белгілері + 1935 1939 1943 1947 1958-1961131x131px70x170px70x170px70x170px170x170px163x163px160x160px

Қолданылды

КСРО 1936—1943, милицияның жоғарғы басқарушы құрамның арнайы атағы 1943—1991, милицияның аға басқарушы құрамның арнайы атағы Қазақстан — 1991—1998 Өзбекстан — 1991—2019 Украина — 1991—2015 Ресей — 1991—2011 Тәжікстан — 1991 бастап Беларусь — 1991 бастап

Атақты иеленгендер Альтберг Александр Карлович Белоногов Савва Федорович Бодунов Иван Васильевич Кроль Ефим Моисеевич Рассказов Леонид Петрович Самойлов Иван Дмитриевич

Дереккөздер

Санат:КСРО ішкі істер органдарының арнайы атақтары