Уткир Хошимов (; 5 тамыз 1941, Ташкент — 24 мамыр 2013,Ташкент) — өзбек кеңес прозашысы, драматург, редактор. Өзбек КСР-нің халық жазушысы (1991).
Өмірбаяны 1941 жылғы 5 тамызда Ташкент қаласының Домбрабад ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келген.
Уткир Хашимовтың шығармашылық жолы өлеңдер мен очерктер жазудан басталды. Оның алғашқы жинағы 1962 жылы жарық көрді. Алғашқы кітабы — «Дала кеңістігі» повесі 1963 жылы басылып шықты. Абдулла Қаһхар тарапынан жоғары бағаланды.
1964 жылы Ташкент мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірді.
1959—1966 жылдары «Темирйулчи» газетінің редакциясында қызмет етті. Кейін «Тошкент ҳақиқати» газеттерінің редакцияларында жұмыс істеді. 1966 жылдан бастап «Тошкент оқшоми» газетінің редакциясында бөлім меңгерушісі болды, Ғафур Ғұлам атындағы әдебиет және өнер баспасында бас редактордың орынбасары, «Шарқ юлдузи» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1995—2005 жылдары Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің баспасөз және ақпарат жөніндегі комитетінің төрағасы болды.
Шығармалары арасында: романдар — «Жарық пен көлеңке», «Екі есік арасы», «Түс сияқты өткен өмір», әңгімелер — «Махаббат», «Соғыстың соңғы құрбаны», «Өзбек ісі», повестер — «Көбелек күні», «Адамдар не айтады», «Қайталанбас көктем», «Жүрекке құлақ ас», «Жердегі істер», драмалық шығармалар — «Көктем өте шықты», «Бөтен қамқорлық», «Үйлену тойына шақырамыз», «Репрессия». Э. Хемингуэй, К. Симонов, А. Куприн, О. Берггольц шығармаларын өзбек тіліне аударған. Оның шығармалары көптеген шет тілдерінде жарық көрген.
Марапаттары 1991 жылы «Өзбек КСР-нің халық жазушысы» құрметті атағына ие болды, 1986 жылы «Кіру және шығу» романы үшін Өзбек КСР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды, «Мехнат шухрати» және «Буюк хизматлари учун» ордендерін алған. 1982 жылы «Жердегі істер» повесі үшін Ойбек атындағы сыйлық берілді.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:КСРО драматургтері Санат:Өзбекстан драматургтері Санат:XX ғасыр драматургтері Санат:«Мехнат Шухрати» орденімен марапатталғандар Санат:Өзбек жазушылары Санат:Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің депутаттары