Мұхаммед Жар ибн Араб қатаған (; 1560–1630) — Бұхара хандығы дәуірінің өзбек тарихшысы.

Өмірбаяны Бұхаралық тарихшы, өзбектің қатаған руынан шыққан Мұхаммед Жар ибн Араб қатаған 1560 жылы Бұхарада дүниеге келген. Ол бастауыш білімін Бұхарада алған.

Оның басты еңбегі — 1611 жылы жазылған «Мусаххир әл-билад» (Елдерді бағындыру). Бұл шығарма Шайбанилер әулетінен шыққан ІІ Абдолла ханға арналған және онда Шайбанилер тұсындағы Орталық Азияның саяси тарихы баяндалған. «Мусаххир әл-биладта» Шайбани ханның қызметіне ерекше назар аударылған; ол және оның ұрпақтары туралы мәліметтер мәтіннің жартысынан астамын қамтиды.

Қайтыс болуы ​Мұхаммед ибн Араб қатаған 1630 жылы қайтыс болған.

Әдебиет Д.А. Салахетдинова. «Мусаххир ал-билад» Мухаммед Яр ибн Араб Катагана (предварительное сообщение) // Письменные памятники и проблемы Истории культуры народов Востока. IX годичная научная сессия ЛО ИВ АН. М., 1973. Муҳаммадёр ибн Араб Қатаған. «Мусаххир ал-билод». Т., 2009.

Санат:Өзбекстан тарихы Санат:Орталық Азия тарихы Санат:Бұхара хандығы тарихшылары Санат:Бұхара хандығы ғалымдары Санат:Өзбек хандықтарының мәдениет және өнер қайраткерлері