Гауһар Саяділқызы Балтабаева — филология ғылымының докторы (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1968 жылы 30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Маралды ауылында туған.

Алматы мемлекеттік университетін (1991, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақ мемлекеттік қыздар институтын (2007, қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) жергілікті және мемлекеттік басқару мамандықтары бойынша бітірген. 1991-93 жылдары орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, институт ғылыми кеңесінің ғалым-хатшысы (1993-2006) болды. 2000 жылдан Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында педагогикалық-ғылыми жұмыстармен айналысады.

Ғылыми бағыты, еңбектері "Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасы (әңгімелер мен повестер)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. "Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасының көркемдік әлемі" атты монографиясында ұлт әдебиетіне қомақты үлес қосқан көрнекті қаламгерлердің көркем шығармаларын зерттеді. 10 томтық "Қазақ әдебиеті тарихының" 9-томындағы (2007) "Сәкен Жүнісов", "Қалихан Ысқақов" тарауларын жазуға қатысқан. 2009 жылдан қазақ және орыс тілдерінде шығатын "Дәстүр" ұлттық-танымдық журналының жауапты хатшысы. 2010 жылдан Алматы қаласындағы "Жауһар" ұлттық салт-дәстүді қолдау қоры" қоғамдық қорының, "Ел-шежіре" қайырымдылық қоры жобаларының ғылыми кеңесшісі. 150-ден астам ғылыми еңбектің, бірнеше оқу құралының авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Марапттары "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" мемлекеттік грантының иегері (2013); "Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі"; Қазақстан Республикасының "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі"; "Білім беру ісінің үздігі" медалі.Baltabaeva Gaukhar.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері