София де Тодос лос Сантос де Бурбон Ортис Испаниялық (29 сәуір 2007, Мадрид) — Испания инфантасы, Испания королі VI Филипп пен оның жары Летисияның кіші қызы, король I Хуан Карлостың немересі. Ханшайым Леонордың сіңлісі. Испания тағын иелену кезегінде екінші орында тұр.

Өмірбаяны Инфанта София 2007 жылғы 29 сәуірде сағат 16:50-де Мадридтегі Халықаралық клиникада кесар тілігі арқылы дүниеге келді. Туған кезде инфантаның салмағы 3,3 кг, бойы 50 см болды. Оның кіндік қанынан алынған дің жасушалары, әпкесінікіндей, мұздатылып, еуропалық қан банктерінің біріне тапсырылды. Өз есімін ол әжесі, тегі бойынша Грек және Дат ханшайымы болған королева Софияның құрметіне алды. Инфантаны шоқындыру рәсімі 15 шілдеде Сарсуэла сарайында кардинал Антонио Роуко Вареланың қатысуымен өтті. Оның өкіл ата-анасы (шоқындырушылары) — анасы жағынан әжесі Палома Рокасолано және Болгария ханзадасы, Видин князі Константин-Асен болды.

​2010 жылдан 2023 жылға дейін Санта-Мария-де-лос-Росалес мектебінде білім алды, бұл мектепте оның әпкесі ханшайым Леонор және әкесі де оқыған.

2017 жылғы 17 мамырда католиктік әдет-ғұрып бойынша оның алғашқы рет қасиетті құпияға қатысу (причастие) рәсімі өтті.

2023 жылғы тамызда инфанта Софияның Атлантикалық колледжге (Уэльс) оқуға түскені жарияланды, онда ол екі жылдан кейін оқуын аяқтады.

Дереккөздер

Сілтемелер Hello! magazine announcement of the birth Spain’s new royal makes her first appearance

Санат:Испания Бурбондары Санат:Испания инфанталары (әйелдер)