Ха шатқалы () — Грекияның Крит аралының шығыс бөлігінде орналасқан шатқал.

Географиялық орны Ол Ласити префектурасында, Монастираки маңында, Трипти тауының батыс беткейінде, Иерапетраның солтүстігінде орналасқан. Тас қабырғалары көптеген түстермен боялған. Ха шатқалы тектоникалық жер сілкінісі нәтижесінде пайда болғандықтан онда арнайы жабдықтармен жабдықталған альпинистер ғана өте алады. Шатқалдың жануарлар мен өсімдіктер әлемі, алуан түрлі. Мұнда сирек кездесетін өсімдіктермен жабайы жануарлар және түрлі құстарды таралған.

Сипаттама Шатқалдың ұзындығы шамамен бір жарым шақырым. Кіреберісі тар (үш метр), 370 метр биіктікте орналасқан. Шығар алдында ол төмен түсіп, 140 метр биіктікте аяқталады. Шатқалды қоршап тұрған үлкен тас қабырғалардың биіктігі екі жүзден төрт жүз метрге дейін жетеді. Шыңға дейін шамамен 33 техникалық түсу орындары бар, олардың ең үлкені 35 метр биіктікке жетеді. Қабырғалары әдетте өте тар, ені бірнеше сантиметр ғана. Шатқалдың соңына жақын жерде биіктігі 215 метр болатын үлкен сарқырама ағады, оның суы кішкене көлге құяды.

Шатқалдың бір бөлігі болып табылатын Трипти тауы қарағайлы ормандарымен әйгілі болған. 1984 және 1987 жылдары ормандардың көп бөлігі жойқын өрттен жойылды

Галерея

Дереккөздер

Санат:Грекия шатқалдары