Сон Хе Гё (; 22 қараша 1981 жылы туған) — оңтүстіккореялық актриса. Ол Жүрегімдегі күз (2000), Нартәуекел (2003), Ыстық ұя (2004), Сол қыста жел соғады (2013), Күн ұрпақтары (2016), Кездесу (2018–2019) және Даңқ (2022–2023) телехикаяларындағы басты рөлдері арқылы халықаралық танымалдыққа ие болды. Оның фильмдердегі жұмыстарына Хван Чжин И (2007), Грандмастер (2013), Менің тамаша өмірім (2014) және Түнерген тақуа әйелдер (2025) жатады.

2017 жылы Сон Forbes журналының Korea Power Celebrity 40 тізімінде 7-орынға, ал 2018 жылы 6-орынға ие болды.Ilbo language ko date February 23, 2017 access date March 1, 2017 archive date February 27, 2017 archive Ол Ким Та Хи және Джун Джи Хёнмен бірге «Үштік» (“The Troika”) мүшелерінің бірі ретінде аталады, бұл топ «Tae-Hye-Ji» аббревиатурасымен белгілі. Оның телехикаяларының халықаралық табысы оны жетекші халлю жұлдыздарының біріне айналдырды.Ilbo language March 23, 2018, September 26, 2018 archive date March 27, 2018 archive

Ерте өмірі және білімі Сон Хе Гё туған кезде өте қатты ауырып, оның ата-анасы мен дәрігерлер оның аман қалатынына сенбеген. Ол жазылып шыққаннан кейін, ата-анасы оның туған күнін нақты 1981 жылдың 22 қарашасының орнына 1982 жылдың 26 ақпаны деп тіркеген.language date November January 21, 2014 archive date December 25, 2018 archive

Сон кішкентай кезінде ата-анасы ажырасып кеткеннен кейін, анасымен бірге өскен.Dong-A Ilbo language ko date October 19 Ол туған жері Тэгудан Сеулдің Ганнам ауданына көшіп барған. Бастауыш сыныпта ол мәнерлеп сырғанаумен айналысқан, бірақ 8-сыныпта оны тастаған.Corporation language date November 25, 2005 access January 21, 2014 Өзін ұялшақ әрі тұйық адам деп санаса да, Ewha Girls’ High School оқыған кезде оның мұғалімі оны «көңілді мінезді, достарымен жақсы араласатын және әрқашан көтеріңкі көңіл күйде жүретін» деп сипаттаған.I History Attests to Korean Stars' All-Natural Looks . The Chosun Ilbo. June 6, 2006. Sejong University-де оқып, кино өнері мамандығы бойынша білім алған.

Карьера 1996–2004: Дебют, серпіліс және халықаралық танымалдық 1996 жылы 14 жастағы Соң Хе Гё, сол кезде орта мектептің үшінші сыныбында оқып жүрген кезінде, SunKyung Smart Model Contest байқауында бірінші орынды жеңіп алып, мектеп формасын шығаратын компанияның моделі ретінде шоу-бизнеске алғаш қадам жасады. Осыдан кейін ол өзінің алғашқы телехикаясы «Алғашқы махаббатқа» шағын рөлге түсті. Кейін ол бірнеше телехикаялар мен ситкомдарға қатыса берді, соның ішінде ең танымалдарының бірі Soonpoong Clinic болды. Бірақ оның шынайы танымалдығы 2000 жылы «Жүрегімдегі күз» телехикаясынан кейін басталды. Онда ол Соң Сең Хён және Вон Бинмен бірге басты рөлде ойнады. Бұл романтикалық мелодрама жоғары рейтингтерге ие болып, жалпы корей мелодрамаларына деген қызығушылықты күшейтті және «Корей толқынының» (Hallyu) дамуын жеделдетті, ал Сон оның ең жарқын жұлдыздарының біріне айналды.

2003 жылы оның танымалдығы одан әрі артып, ол «Нартәуекел» телехикаясында Ли Бён Хонмен бірге басты рөлде ойнады. Бұл драма бүкіл ел бойынша жоғары рейтинг жинап, эфир кезінде ең жоғары көрермен үлесі 47,7%-ға жетті. Келесі жылы ол «Ыстық ұя» романтикалық комедиясында әнші Rain-мен бірге басты рөлде ойнады. Бұл сериал бүкіл Азияда үлкен табысқа жетіп, Сонды Азиядағы ең танымал корей актрисаларының біріне айналдырды.

Дереккөздер