Ергөбек Сапарбек Сәрсенұлы — белгілі ғалым 1959 жылдың 1 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Отырар ауданы, Көлқұдық ауылында қойшы отбасында дүниеге келген. 1966 жылы Арыс ауылында Т.Ибрагимов орта мектебіне бастауыш мектебіне барады. 1975 жылы Шәуілдір елдімекеніндегі Ленин атындағы орта мектепті бітіреді. 1976-1979 жылдары Шәуілдірде ПМК-2505 Құрылыс мекемесінің құрылысшысы болып жұмыс істеді. 1979-1984 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Филология факультетін «Араб тілі, қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқып бітіреді. 1984-1985 жылдар арасында Қазақстан Мемлекеттік Орталық музейінің ғылыми қызметкері, 1985-1992 жылдары Отырар Мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері, 1987-1992 жылдары Отырар Мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1992 жылдан бері Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде қызмет атқарды: 1992-1996 жылдары Шығыстану факультеті «Араб тілі» кафедрасының аға оқытушысы, 1996-1997 жылдары тарих-филология факультетінің түрік халықтары әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, 1997-1999 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті тарих-филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті міндетін атқарушы, 1999-2003 жылдары тарих-филология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, 2003-2007 жылдары Түркология факультетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, 2012-2014 жылдары филология факультетінің қазақ әдебиеті және шығыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, 2014 жылдан бастап филология факультеті қазақ филологиясы кафедрасының доценті, профессоры болып қызмет атқарды.

Марапаттары

1996 жылы «М.Сералиннің әдеби мұрасы» тақырыбында филология ғылымының кандидаттығын қорғады. 2008 жылы әдебиеттану мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алды.

Шығармалары

Ергөбек Сапарбек Сәрсенұлы «Қайраткер қаламгер М.Сералин», «Қазақтың дәстүрлі жазба әдебиеті» монографиялары, «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті және М.Сералин», «Дәстүрлі жазба әдебиеті», «Ясауи сопылық ілімі және дәстүрлі жазба әдебиет» атты оқу құралдары мен екі жүзге тарта ғылыми мақалалар авторы. «Қазақ әдебиетіндегі кітаби ақындар шығармашылығы», «Ясауи және қазақ әдебиеті: дәстүр мен жалғастық», «М.Сералиннің әдеби және публицистикалық мұрасы» атты еңбектері, Алтын Орда дәуірі, ХІХ-ХХ ғасыр басы әдебиеті мен мәдениеті, діни кітаби әдебиет тақырыптары ғылыми бағыты болып табылады.