Алис Каллачи (, 29 маусым 2002; Шкодер, Албания) — мононим ретінде Alis атымен танымал албан әншісі және ән авторы. Албания X Factor-дың бесінші маусымының жеңімпазы. 2026 жылғы Eurovision ән байқауына Албания атынан «Nân» әнімен қатысты.

Өмірбаяны Алис Каллачи 2002 жылғы 29 маусымда дүниеге келген және Шкодер қаласында өскен. Мектеп кезінен бастап музыкаға қызығушылық танытқан, Пренк Якова атындағы өнер мектебінда фортепиано сыныбы бойынша диплом алған.

Алис Каллачи 2024 жылғы сәуірде Албания X Factor-дың бесінші маусымында жеңіске жетті, оның тәлімгері әнші Арилена Ара болды. Сол жылдың қараша айында Каллачи «Mjegull» әнімен Festivali i Këngës-ның 63-шы шығарылымына өткендігі белгілі болды. 2024 жылғы 22 желтоқсанда өткен финалда үшінші орынды иеленді.

Алис Каллачи 2025 жылғы қазанда қайтадан Festivali i Këngës-ның 64-ші шығарылымына қатысушылар тізіміне «Nân» әнімен енгізілді. 2025 жылғы 20 желтоқсанда өткен финалда фестиваль жеңімпазы атанып, Eurovision ән байқауы 2026 Албания атынан қатысу құқығын алды.

Дискографиясы Сингл Атауы Жыл Альбом «Se të dua» 2024Альбомды емес синглдер «Mjegull» «S'ta kam than» 2025 «Nân»

Дереккөздер

Санат:Шкодерде туғандар Санат:Албания әншілері Санат:XXI ғасыр әншілері Санат:Eurovision ән байқауы 2026 қатысушылары Санат:Eurovision ән байқауындағы Албания өкілдері