Гүлмира Сәлімжанқызы Сұлтанғалиева — тарих ғылымының докторы (2003), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы 1959 жылы 16 мамырда Ақтөбе қаласында туған.

ҚазМУ-ды (1981, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) және аспирантурасын (1990) бітірген. 1985-2009 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында (қазіргі Ақтөбе өңірлік университеті) ассистент, оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, декан, проректоры болды. 2009 жылдан Қазақ ұлттық университетінде профессор қызметін атқарады. 2007-08 жылдары Жапонияның Саппоро қаласындағы Хоккайдо университетінде, 2010 жылы АҚШ-тың Мадисондағы Висконсин университетінде дәріс оқыды. Токио, Саппоро, Осака (Жапония), Кембридж (Англия), Уфа, Қазан, Мәскеу, Орынбор қалаларында өткен халықаралық симпозиумдарға қатысты.

Еңбектері 80 ғылыми еңбектің, оның ішінде 7 монографияның авторы.

Марапаттары "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" (1998); Қазақстан Республикасы "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі" (2006); "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2008, 2011);Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. "Еңбек Ері" медалі (2020).Профессор Гүлмира Сәлімжанқызы Сұлтанғалиева «Еңбек Ері» медалімен марапатталды

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Гүлмира Сұлтанғалиева EHESS-ке (Париж, Франция) шақырылды.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары