нобай|Ану Тали (оң жақта) егіз әпкесі Кадри Талимен (сол жақта), 2000 ж Ану Тали (1972 жылы 18 маусымда туған) – эстондық әйел дирижер, пианист және Солтүстік симфониялық оркестрінің негізін қалаушылардың бірі. https://ru.ruwiki.ru/wiki/Тали,_Ану
Өмірбаяны және шығармашылық жолы Ану Тали Эстонияның Таллин қаласында дүниеге келген. Анасы Анна Тали - көрнекті математик. Егіз әпкесі Кадри Тали - музыка менеджері, хор дирижëрі және Эстония ұлттық симфониялық оркестрінің бұрынғы директоры. Ану Тали музыкалық білімін пианист ретінде бастады және 1991 жылы Таллин музыкалық орта мектебін бітірді. Ол Эстония музыка академиясында Куно Аренг, Тоомас Каптен және Роман Матсов деген ұстаздардан білім алған болатын. 1998 жылдан 2000 жылға дейін ол Н. Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік консерваториясында атақты профессор, дирижëр Илья Александрович Мусиннның сыныбында, кейінірек Леонид Корчмар сыныбында тәлім алған. 1995 жылы Финляндияның елордасында Хельсинкиде Ян Сибелиус атындағы музыкалық академиясында дирижер Йорма Пануладан дирижëрлік сабақтар алады. 1997 жылы Ану Тали және егіз әпкесімен Кадри Талимен бірге эстондық-финдік симфониялық оркестрінің негізін құрады. Ану Тали оркестрдің дирижëрі, ал Кадри Тали оркестрдің менеджері деген лауазымдар атқарады. Кейінірек оркестр Солтүстік симфониялық оркестрі деп өзгертіледі. Ану Тали дирижëр ретінде Солтүстік симфониялық оркестрмен 2002 жылы Финляндия «Warner Classics» үшін жазылған «Swan Flight» альбомымен дебют жасады, онда екі әлемдік премьера жазбасы, Велжо Тормистің «Ocean and Swan Flight» оркестрлік сюиталары болды. Бұл жазба оған 2003 жылы Германияда өткен «Echo Klassic Awards» марапаттау рәсімінде «Жылдың жас әртісі» сыйлығын әкелді. Олардың екінші жазбасы Warner Classics-те де бар «Action Passion Illusion» болды.https://www.jaxsymphony.org/featured-artists/anu-tali/
Солтүстік Америкада Ану Тали 2005 жылдың қаңтарында АҚШ-тағы Нью-Джерси симфониялық оркестрімен дирижëрлік дебютін жасады. 2007 жылдың сәуірінде Ану Тали Манитоба камералық оркестрінің музыкалық директоры болып тағайындалды және 2007 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істей бастауы керек еді. Дегенмен, 2008 жылдың қарашасында оркестр Ану Талимен келісімшарт шарттары бойынша келісе алмағанын және Ану Тали ешқашан Манитобадағы лауазымды атқармағанын хабарлады. https://www.harrisonparrott.com/artists/anu-tali
2006 жылдың жазында Ану Тали Савонлинна опера фестивалінде «Кармен» операсының жаңа қойылымымен, сондай-ақ Зальцбург фестивалінде Моцарт оркестрімен бірге дебют жасады. Оның қазіргі заманғы музыка саласындағы жұмысына Хайнер Геббельстің « Мен көрген соғыстар әндері» операсының АҚШ премьерасына дирижëрлік ету кіреді.
Ану Тали Сарасота оркестрімен алғаш рет 2011 жылдың ақпан айында шақырылған дирижëр ретінде дирижерлік етті. 2013 жылдың маусым айында Сарасота оркестрі Ану Талиді 2013 жылдың 1 тамызынан бастап 3 жылдық бастапқы келісімшартпен келесі музыкалық жетекшісі етіп тағайындады. Оркестр 2016 жылы келісімшартын тағы 3 жылға ұзартты. 2017 жылдың қазан айында оркестр Ану Талидің 2019 жылы оркестрдің музыкалық жетекшілігінен кететінін жариялады.https://www.lucernefestival.ch/en/program/directory-of-artists/anu_tali/2333
Оның марапаттары мен құрметтеріне 2003 жылғы Эстонияның мәдени сыйлығы және 2004 жылғы Эстонияның президенттік сыйлығы кіреді. Тали сонымен қатар Франкфурт RSO-мен эстон музыкасын жазды. 2021 жылы Ану Тали Карола Обермюллердің «Фосфор» виолончель концертінің әлемдік премьерасын өткізді.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
HarrisonParrott агенттігінің Ану Талидің өмірбаяны Санат:1972 жылы туғандар Санат:Алфавит бойынша тұлғалар Санат:Дирижёрлер Санат:Пианисттер