Кириакос Мицотакис (; 4 наурыз 1968, Афина, Грекия) — грек саяси және мемлекет қайраткері. 2016 жылдың қаңтарынан бастап «Жаңа демократия» консервативті партиясының жетекшісі. 2023 жылғы 26 маусымнан бастап және 2019–2023 жылдары Грекия премьер-министрі. 2004 жылдан бастап Грекия парламентіің депутаты.

Өмірбаяны 180px|нобай|солға|2016 жылғы наурыз

Грекияның бұрынғы премьер-министрі әрі «Жаңа демократия» партиясының құрметті президенті Константинос Мицотакистің ұлы, бұрынғы Сыртқы істер министрі және Афина мэрі Дора Бакояннидің інісі.

Гарвард университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетін бітірген (1990), Стэнфорд университетінде халықаралық қатынастар магистрі дәрежесін (1993) және Гарвард бизнес мектебінде MBA дәрежесін (1995) алған.

Мицотакис Лондонда Chase Investment Bank қаржы сарапшысы және McKinsey & Company компаниясының кеңесшісі болып жұмыс істеді. 1997 жылы Грециядағы Alpha Ventures компаниясына аға инвестициялық маман ретінде қосылып, 1999 жылы NBG Venture Capital компаниясының бас атқарушы директоры болды.

2003 жылы Дүниежүзілік экономикалық форум оны «Ертеңгі күннің ең перспективалы 100 көшбасшысының» қатарына қосты.

2004 жылдан бастап «Жаңа демократия» партиясынан Греция парламентінің депутаты. 2013–2015 жылдары Әкімшілік реформалар және электрондық үкімет министрі болды.

2016 жылы «Жаңа демократия» партиясының төрағасы болып сайланды. 2016–2019 жылдары оппозиция жетекшісі болды.

Үйленген, үш баласы бар. Ана тілі — грек тілінен бөлек ағылшын, француз және неміс тілдерінде сөйлейді.

Премьер-министрі 2019 жылғы парламенттік сайлау нәтижелері бойынша 8 шілдеде Грекия премьер-министрі ретінде ант берді.

Жаңа үкіметтің алғашқы 100 күндік жұмысында жылжымайтын мүлікке салынатын негізгі салық (ΕΝΦΙΑ) орташа есеппен 22%-ға қысқарды, салық және сақтандыру қорларына қарызы бар тұлғалар үшін берешекті 120 төлемге бөліп төлеу жүйесі өзгертілді, сондай-ақ муниципалитеттер мен аймақтар үшін 180 миллион еуро көлемінде қаржыландыру мақұлданды. Бүкіл ел бойынша, негізінен су тасқынынан қорғау шаралары үшін Греция полициясында 1500 жаңа жұмыс орны ашылатыны жарияланды. Алғашқы заңнамалық бастамалардың бірі студенттік қалашықтардың қылмыстық қудалау мен ұстаудан қорғайтын абсолютті қолсұғылмаушылық мәртебесін жою болды.

Анархистер мен негізінен ультрасолшыл көзқарастағы басқа да радикалды тұлғалар көп жылдар бойы заңсыз басып алып, иеленіп келген 20-дан астам ғимарат босатылды.

2023 жылғы 21 мамырдағы парламенттік сайлаудан кейін 25 маусымда қайта дауыс беру өткізілуін талап етіп, коалициялық үкімет құру құқығын беретін ресми мандаттан бас тартты. Иоаннис Сармас уақытша үкіметтің басшысы болып тағайындалды. 2023 жылғы 25 маусымда күшейтілген пропорционалды жүйе бойынша өткен парламенттік сайлаудың нәтижесінде «Жаңа демократия» партиясы 300 мандаттың 158-іне ие болды. Бұл Мицотакиске бірпартиялық көпшілік үкіметін құруға мүмкіндік берді, осылайша 2023 жылдың 26 маусымында Мицотакис екінші мерзімге Греция премьер-министрі қызметіне кірісті.

Сыны

Siemens жанжалы Кейбір грек бұқаралық ақпарат құралдары Мицотакисті 2008 жылы Грекияда неміс компаниясына қатысты сыбайлас жемқорлық жанжалы бұрқ ете түскен кезде Siemens компаниясынан қаржылай көмек алды деп айыптады. 2008 жылдың маусымында грек баспасөзінде оның үйінен табылған және прокурор компания қызметін тексере бастағаннан әрі куәгерлер түсініктеме бергеннен кейін бірнеше күн өткен соң ғана ақысы төленген электронды жабдықтардың түбіртектері жарияланды. Жабдықтардың қатарында телекоммуникациялық және электронды құрылғылар болған. Шот-фактуралардың түпнұсқа екені ресми түрде расталды. Дегенмен, Мицотакис өз кінәсін мойындамай, Siemens компаниясынан ешқандай пара алмағанын мәлімдеді. Тілшінің «сіздің жақын туыстарыңыз Дора Бакоянни мен Катерина Мицотакидің бір уақытта, бір компаниядан дәл сондай жабдықты қалайша бірге сатып алғаны» туралы сұрағына ол: «Нарықта телефон станцияларын жеткізетін компаниялар көп емес», — деп жауап берді. Бұл мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілерді жұмыстан босату Кириакос Мицотакис Антониос Самарас үкіметінде («Жаңа демократия») министр болып тұрған кезде 15 000-ға жуық мемлекеттік қызметшіні жұмыстан босату туралы шешімге қол қойды. Кейбір грек басылымдары оны мемлекеттік мекемелерде кадр тапшылығын тудырды, сондай-ақ жеке секторға жанама түрде жол берді (жеңілдіктер жасады) деп айыптады.

Мицотакис өз кезегінде мемлекеттік сектордағы қысқартулар шамадан тыс үлкейіп кеткен мемлекеттік аппаратты реформалау үшін қажет болғанын түсіндірді. Ол бұл шараның үкіметке жүктелген қатаң міндеттеме әрі кезекті қаржылық траншты алудың басты алғышарты болғанын атап өтті. Сондай-ақ ол: «Егер адамның мемлекеттік секторда жұмыс істеуге қажетті біліктілігі болмаса, ол штаттан кетуі тиіс», — деп мәлімдеп, бұрынғы үкіметтердің тек өз сайлаушыларының негізгі бөлігін «қозғаусыз қалдыруды» ғана көздегенін алға тартты.

Екінші жағынан, ХВҚ 2014 жылдың жазындағы есебінде қысқарту бағдарламасын сынға алып, жұмыстан босату шаралары мемлекеттік қызметшілердің тек кейбір санаттарымен ғана шектелгенін және қызметкерлердің еңбек өнімділігіне қатысты ешқандай критерийлердің ескерілмегенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, Антониос Самарас («Жаңа демократия») билікте болған тұста, Мицотакис өзінің министрлігінде консенсус арқылы сайланған бас директорды орнына өзіне ыңғайлы адамды қою үшін еш себепсіз жұмыстан босатты деп айыпталды.

Ақырында, ол өзінің саяси кеңсесіне жиенін кеңесші қызметіне тағайындады деп кінәланды.

COVID-19 пандемиясымен күрес 2020 жылдың желтоқсанында Мицотакис 29 қарашада түсірілген фотосуреттері жарияланғаннан кейін қатаң сынға ұшырады. Бұл суреттерден оның бүкіл ел халқы үшін қозғалысқа қатаң шектеу қойылып, маска тағу міндеттелген уақытта, Парнита шипажайында маскасыз және көптеген адамдардың ортасында жүргені белгілі болды.

Тағы бір оқиға 2021 жылғы 6 ақпанда Мицотакистің Икария аралына сапары кезінде орын алды. Ол елде демонстрациялар мен адамдардың көптеп жиналуына тыйым салынғанына қарамастан, «Жаңа демократия» партиясының депутаты Христодулос Стефанадиспен бірге оның вилласында ондаған адам қатысқан банкетте бой көрсетті. Бұл жайтты оппозиция мен бұқаралық ақпарат құралдары қатты сынға алды.

Әдеби қызметі Сыртқы саясат кешендері (Патакис, Афина, 2006)

Марапаттары 1-сыныпты тану кресті (27 маусым 2024 ж., Латвия)

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Кириакос Мицотакистің ресми сайты Парламент сайтындағы профилі

Кириакос Санат:Стэнфорд университетінің түлектері Санат:Гарвард бизнес мектебінің түлектері Санат:Грекия банкирлері Санат:Тұлғалар:McKinsey & Company Санат:Грекия Парламентінің депутаттары Санат:Грекия министрлері Санат:«Жаңа демократия» партиясының мүшелері (Грекия) Санат:Грекия премьер-министрлерінің балалары Санат:2019 жылы қызметке кіріскен премьер-министрлер Санат:Қазіргі мемлекет басшылары Санат:2023 жылы қызметке кіріскен премьер-министрлер Санат:XXI ғасырдағы Еуропа билеушілері Санат:XXI ғасыр саясаткерлері Санат:Бильдерберг клубының қатысушылары