«White Pony» — американың альтернативті метал бағытындағы Deftones тобының үшінші студиялық альбомы. Ол 2000 жылдың 20 маусымында Maverick Records лейблі арқылы жарық көрді. Альбомның продюсері — топтың алғашқы екі туындысы («Adrenaline», 1995 және «Around the Fur», 1997) үстінде де жұмыс істеген Терри Дейт.
Бұл альбом топтың өздеріне тән танымал альтернативті метал стиліне пост-хардкор, трип-хоп, шугейзинг, прогрессивті рок және пост-рок элементтерін қосу арқылы музыкалық тұрғыдан айтарлықтай өскенін көрсетті. Сондай-ақ, «White Pony» Фрэнк Дельгадоның топтың толыққанды мүшесі (диджей және синтезаторшы) ретінде қатысқан алғашқы жазбасы болды; бұған дейін ол топтың алғашқы екі альбомында шақырылған қонақ ретінде кейбір әндерге дыбыстық эффектілер жасауға атсалысқан. Бұл сонымен қатар Чино Мореноның ритм-гитара партияларын орындай бастаған Deftones-тың алғашқы туындысы.
Альбом шыққан күннен бастап бүгінгі күнге дейін негізінен оң пікірлерге ие болып, жанкүйерлер мен сыншылар тарапынан топтың сол кездегі ең толысқан әрі сапалы жұмысы ретінде бағаланды. Альбомға «Change (In the House of Flies)» және «Back to School (Mini Maggit)» атты екі сәтті сингл, «Digital Bath» промо-синглі, сондай-ақ 2001 жылы «Үздік метал-орындау» номинациясында Грэмми сыйлығын жеңіп алған «Elite» трегі кірді. 2020 жылдың желтоқсанында альбомның 20 жылдық мерейтойлық басылымы жарық көрді, ол «White Pony» әндерінің ремикстерінен тұратын «Black Stallion» косымша альбомымен бірге шығарылды.
Әндер тізімі
ескертпелер
Жазбаға қатысқандар Жазбаға қатысқандар тізімі альбомның буклетінен алынды (басқаша көрсетілген жағдайларды қоспағанда).
Deftones Чино Морено – вокал, ритм-гитара Стивен Карпентер – соло-гитара Чи Ченг – басс-гитара Фрэнк Дельгадо – пернелі аспаптар, тернтейблдер Эйб Каннингем – соқпалы аспаптар
Шақырылған музыканттар Родлин Гетсич – қосымша вокал («Knife Prty» әнінде) Мэйнард Джеймс Кинан – жетекші вокал («Passenger» әнінде) Скотт Вейланд – қосымша вокал («Rx Queen» әнінде; альбом буклетінде көрсетілмеген) DJ Crook – бағдарламалау
Көркемдік безендіру Ким Биггс – креативті директор Фрэнк Мэддокс – арт-директор, альбом дизайны Джеймс Минчин III – фотограф
Техникалық құрам Терри Дейт – продюсерлеу, дыбыс өңдеу Deftones – продюсерлеу Скотт Олсон – Pro Tools инженері, қосымша дыбыс инженері Роберт Дэниелс – ассистент инженер (Record Plant) Тед Регьер – ассистент инженер, дыбыс өңдеу ассистенті (Larrabee Sound Studios) Джейсон Швейцер – ассистент инженер (Larrabee) Хоуи Вайнберг – мастеринг Ульрих Вайлд]nbsp;– қосымша дыбыс инженері Мишель Форбс – ассистент инженер
Чарттардағы позициялары
Альбом Чарт (2000)Орны Аустралия2 Аустрия39 Бельгия27 Канада8 Дания27 Финляндия13 Франция6 Германия11 Ирландия21 Жаңа Зеландия14 Норвегия19 Швеция35 Швейцария68 Ұлыбритания13 Billboard 2003
Синглдер ЖылӘнОрныUS Alt.US Main.UK2000«Change (In the House of Flies)»3915«Back to School (Mini Maggit)»1825252001«Digital Bath»31126
Сертификаттау Ел Мәртебесі Сатылымы 20px Платиналы 70,000‡ 20px Алтын 50,000^ 20px Алтын 7,500‡ 20px Алтын 132,812‡ 20px 2× Платиналы 2,000,000‡^ жөнелтілім деректері тек сертификаттауға негізделгенін білдіреді‡ сатылым+стриминг деректері тек сертификаттауға негізделгенін білдіреді
Дереккөздер
Санат:Deftones альбомдары Санат:Maverick Records альбомдары Санат:Пост-рок альбомдары Санат:Нью-металл альбомдары Санат:Арт-рок альбомдары