«Сезімдерге байлану турасында» — ағылшын жазушысы Сомерсет Моэмның ең белгілі романдарының бірі. Оны автобиография емес екенін атап көрсеткен, алайда суреттелген жағдайлардың көбісін өз өмірінен алған еді.

Өмір мәнін іздеумен болған кейіпкер туралы романды Моэм басында «Күлден шыққан әсемдік» деп атағысы келген, бірақ орнына Бенедикт Спинозаның «Этика» атты философиялық шығармасындағы бөлім атауын таңдады.

Шығарма желісі Басты кейіпкер Филип Кэри әке-шешесінен ерте айырылып, шіркеуде істеген ағайдың жанұясында тәрбиеленеді. Ағайы мен тәтейі одан Оксфорд университетіне түсіп, діни қызмет жолын қуа бастайтынын күтеді. Алайда ол алдымен білім алу үшін Гейдельбергке аттанады, онда атеизм қабылдайды. Кейін Лондон мен Парижде жұмыс іздеумен болады. Ол өзінің моральдық ұстанымдарын құруға және түсінуге тырысады.

Экрандалуы 1934 жылғы фильмде басты рөлді Лесли Говард орындады. 1946 жылғы фильмде басты рөлді Пол Хенрейд орындады. 1964 жылғы фильмде басты рөлді Лоуренс Харви орындады.

Дереккөздер

Сілтемелер Роман Standard Ebooks сайтында

Санат:Сомерсет Моэмның шығармалары