Шекарасыз дәрігерлер (, MSF; ШД) — әлемнің 70-тен астам елінде әскери қақтығыстар, ашаршылық, індеттер, мәжбүрлі көші-қон және табиғи апаттар нәтижесінде зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсететін халықаралық тәуелсіз коммерциялық емес медициналық гуманитарлық ұйым.
Тарихы
Биафра 1967—1970 жылдарда нобай|224x224 нүкте|Нигерия азаматтық соғысы кезіндегі квашиоркорға шалдыққан бала 1967—1970 жылдардағы Нигерия азаматтық соғысы кезінде Нигерия әскерилері елдің жаңадан тәуелсіздік алған оңтүстік-шығыс аймағы — Биафраның айналасында блокада құрды. Бұл уақытта Франция Биафраны қолдаған санаулы ірі елдердің бірі болды (Ұлыбритания, КСРО және АҚШ Нигерия үкіметінің жағында болды), блокада ішіндегі жағдай әлемге беймәлім еді. Бірқатар француз дәрігерлері қоршаудағы Биафрадағы ауруханалар мен тамақтандыру орталықтарында жұмыс істеу үшін Француз Қызыл Крестінде ерікті болды. Ұйымның негізін қалаушылардың бірі Бернар Кушнер болды, кейіннен француз саясатында мансабы өрлеп, 2007–2010 жылдары өзі атқарған Сыртқы және Еуропалық істер министрі лауазымына дейін көтерілді.
Елге кіргеннен кейін еріктілер, Биафраның медицина қызметкерлері мен ауруханаларынан бөлек, Нигерия Қарулы Күштерінің шабуылдарына ұшырады және блокадалық күштердің бейбіт тұрғындарды өлтіріп, аштан қатырып жатқанына куә болды. Дәрігерлер Нигерия үкіметі мен Қызыл Крестті олардың сырт көзге сыбайлас сияқты көрінген әрекеттері үшін жария түрде сынға алды. Бұл дәрігерлер саяси/діни шекараларға мән бермейтін және аман қалғандардың әл-ауқатына басымдық беретін жаңа көмек ұйымы қажет деген қорытындыға келді. Нигериядан бөлек, ШД Африканың бірнеше елінде, соның ішінде Бенин, Замбия, Уганда, Кения, Оңтүстік Африка, Руанда, Судан, Сьерра-Леоне және басқаларында бар.
1971 жылғы құрылым Төтенше медициналық және хирургиялық араласу тобы 1971 жылы Биафрада жұмыс істеген француз дәрігерлерімен көмек көрсету және аман қалғандардың құқықтары маңызды екенін атап көрсету мақсатында құрылды. Француздық TONUS медициналық журналының редакторы Раймонд Борель Шығыс Пәкістанда кем дегенде 625 000 адамның өмірін қиған 1970 жылғы Бхола циклына жауап ретінде «Француз медициналық көмегі» деп аталатын топты құрған болатын. Борель табиғи апаттардан аман қалғандарға көмек көрсету үшін дәрігерлерді жинауды көздеді. 1971 жылғы 22 желтоқсанда әріптестердің осы екі тобы бірлесіп, Шекарасыз дәрігерлер ұйымын құрды.
ШД алғашқы миссиясы Никарагуаның астанасы Манагуа қаласына бағытталды, онда 1972 жылғы жер сілкінісі қаланың көп бөлігін қиратып, 10 000-нан 30 000-ға дейін адамның өмірін қиған болатын.Bortolotti, above, puts the death toll at 10,000. An estimate of 15,000 to 30,000, warning of an inevitable dysentery epidemic, comes from: Бүгінде төтенше жағдайларға жедел әрекет етуімен танымал бұл ұйым Қызыл Крест көмек көрсету миссиясын бастағаннан кейін үш күн өткен соң жетті. 1974 жылғы 18 және 19 қыркүйекте Фифи дауылы Гондураста жойқын су тасқынын тудырып, мыңдаған адамның өмірін қиды, осыдан кейін ШД өзінің алғашқы ұзақ мерзімді медициналық көмек миссиясын құрды.
1975 және 1979 жылдар аралығында, Оңтүстік Вьетнам Солтүстік Вьетнамнан жеңілгеннен кейін, миллиондаған камбоджалықтар қызыл кхмерлерден қашу үшін Таиландқа қоныс аударды. Бұған жауап ретінде ШД Таиландта өзінің босқындар лагеріне арналған алғашқы миссияларын ұйымдастырды. 1989 жылы Вьетнам әскері Камбоджадан шығарылған кезде, ШД жаппай қырғыннан аман қалғандарға көмектесу және елдің денсаулық сақтау жүйесін қайта қалпына келтіру үшін ұзақ мерзімді көмек миссияларын бастады. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы соғыстан зардап шеккендерге көмектесу үшін Таиландқа жіберілген бұл миссияларды оның алғашқы әскери миссиясы деп санауға болғанымен, ШД өзінің нағыз соғыс аймағындағы алғашқы миссиясын 1976 жылы өткізді деп есептейді. ШД Ливандағы азаматтық соғыс кезінде осы елдің түрлі қалаларындағы ауруханаларда ота жасауға көмектесіп, тоғыз жыл (1976–1984) бойы еңбек етті, осылайша өзінің бейтараптығымен және оқ астында жұмыс істеуге дайындығымен танымал болды. Соғыс бойы ШД христиан және мұсылман сарбаздарына бірдей көмек көрсетіп, дәл солардың ішінде сол сәтте медициналық көмекке ең көп зәру болған топқа жәрдем берді. 1984 жылы Ливандағы жағдай одан әрі ушығып, гуманитарлық топтардың қауіпсіздігі барынша азайған кезде, ШД өз еріктілерін кері қайтарып алды.
Бастапқы негізін қалаушылар Жак Берес, Филипп Берниер, Раймонд Борел, Жан Каброл, Марсель Делкурт, Ксавье Эммануэлли, Паскаль Греллети Босвиль, Жерард Иллиуз, Бернард Кушнер, Жерард Пигеон, Владан Радоман, Макс Рекамье, Луи Шиттли
1970 жылдары Клод Малюре 1977 жылы Шекарасыз дәрігерлер ұйымының жаңа президенті болып сайланды, осыдан кейін көп ұзамай ұйымның болашағына қатысты пікірталастар басталды. Атап айтқанда, үнсіз қалудың орнына өзің көрген зардаптар мен азаптар туралы ашық айтуды білдіретін куәлік ету тұжырымдамасына Малюре мен оның жақтастары қарсы шықты немесе оның маңызын төмендетуге тырысты. Малюре ШД өздері жұмыс істеп жатқан елдердің үкіметтерін сынаудан аулақ болуы керек деп есептеді, Кушнер елдегі халықтың тартқан зардабын құжаттап, оны жариялауды мәселені шешудің ең тиімді жолы деп білді.
1975 жылдан бастап төрт жыл бойы Оңтүстік Вьетнам мен оған көршілес елдерден босқындар жаяу және қайықтармен ағылғаннан кейін, 1979 жылы француз зиялылары Le Monde газетінде босқындарға медициналық көмек көрсетуге бағытталған «Вьетнамға арналған қайық» атты жобаға үндеу тастады. Бұл жоба ШД мүшелерінің көпшілігі тарапынан қолдау таппаса да, кейбір өкілдері, соның ішінде кейіннен министр болған Бернар Кушнер, Жарық аралы деп аталатын кемені жалдап, дәрігерлермен, журналистермен және фотографтармен бірге Оңтүстік Қытай теңізіне жүзіп барып, қайықтағы адамдарға медициналық көмек көрсетті. Осы игі істі қолға алған бөлініп шыққан ұйым — Әлем дәрігерлері — кейіннен гуманитарлық араласуды міндет ретінде, әсіресе Франция сияқты Батыс елдерінің міндеті ретінде қарастыру идеясын дамытты.Richard Seymour, The Liberal Defense of Murder (London 2008), p. 174. 2007 жылы ШД өз мәлімдемесінде 30 жылға жуық уақыт бойы ұйым мен Кушнер арасында гуманитарлық мақсатта араласу құқығы және қарулы күштерді қолдану сияқты мәселелерде ашық келіспеушіліктер болғанын нақтылады. Кушнер соңғы нұсқаны қолдайды, ШД барлық саяси, экономикалық және діни биліктен тәуелсіз, бейтарап гуманитарлық іс-қимылды жақтайды.
1980 жылдары 1982 жылы Малюре мен Рони Брауман қайырымдылық жарналарын тиімдірек жинау үшін пошта арқылы қаражат жинау жүйесін енгізіп, ШД-нің қаржылық тәуелсіздігін арттырды. 1980 жылдары ШД-Франциядан (1971) бөлек басқа да жедел әрекет етуші бөлімдердің құрылуы байқалды: ШД-Бельгия (1980), ШД-Швейцария (1981), ШД-Голландия (1984) және ШД-Испания (1986). ШД-Люксембург 1986 жылы құрылған алғашқы қосымша қолдау көрсету бөлімі болды. 1990 жылдардың басында қолдау көрсету бөлімдерінің басым көпшілігі ашылды: ШД-Грекия (1990), ШД-АҚШ (1990), ШД-Канада (1991), ШД-Жапония (1992), ШД-Ұлыбритания (1993), ШД-Италия (1993), ШД-Аустралия (1994), тағыда Германия, Аустрия, Дания, Швеция, Норвегия және Гонконг бөлімдері ашылды (ШД-Әмірліктер кейінірек құрылды). Малюре мен Брауман ШД-ні кәсібилендіруде маңызды рөл атқарды. 1979 жылғы желтоқсанда Кеңес әскері Ауғанстанға басып кіргеннен кейін, муджахидтерге медициналық көмек көрсету үшін дереу далалық миссиялар ұйымдастырылды, 1980 жылғы ақпанда ШД қызыл кхмерлерді көпшілік алдында ашық айыптады. 1983–1985 жылдары Эфиопиядағы ашаршылық кезінде ШД 1984 жылы бұл елде тамақтандыру бағдарламаларын құрды, бірақ халықаралық көмекті теріс пайдалану мен мәжбүрлі түрде қоныс аудару фактілерін әшкерелегеннен кейін, 1985 жылы елден қуылды. ШД-нің Эфиопия үкіметін ашық сынауы басқа үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) оларды өздері жариялаған бейтараптық ұстанымынан бас тартты деп айыптауына әкелді және Францияда гуманитарлық этика төңірегіндегі бірқатар пікірталастардың туындауына түрткі болды. Бұл топ 1986 жылғы 10 қазанда Сальвадордың астанасы Сан-Сальвадор қаласында болған жер сілкінісінен кейін жергілікті халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су тазарту жабдықтарын орнатты.
1990 жылдары 1990 жылы ШД Либериядағы азаматтық соғыстан зардап шеккен бейбіт тұрғындар мен босқындарға көмек көрсету үшін бұл елге алғаш рет барды. 1990 жылдар бойғы толассыз ұрыстар мен Екінші Либерия азаматтық соғысы ШД еріктілерін тамақтандырумен, алғашқы медициналық көмекпен және жаппай вакцинациялаумен белсенді түрде қамтамасыз етуге, әсіресе Монровиядағы ауруханалар мен тамақтандыру нүктелеріне жасалған шабуылдарға ашық қарсы шығуға мәжбүр етті.
1991 жылы қатыгездіктердің дәлелдері жиналып жатқан Анфаль науқанынан аман қалған күрд босқындарына көмек көрсету үшін далалық миссиялар ұйымдастырылды. 1991 жылы Сомалиде азаматтық соғыс басталды, оның барысында ШД 1992 жылы БҰҰ-ның бітімгершілік миссиясымен қатар өз далалық миссияларын құрды. БҰҰ 1993 жылға қарай өз операцияларын тоқтатқанына қарамастан, ШД өкілдері бейбіт тұрғындарға арналған емханалар мен ауруханалардың жұмысын жүргізе отырып, көмек көрсету жұмыстарын жалғастыра берді.
ШД Босния соғысы басталғаннан кейін бір жыл өткен соң, 1993 жылы БҰҰ керуенінің құрамында Сребреницада (Босния және Герцеговина) алғаш рет жұмысын бастады. Қаланы Босния сербтерінің әскері қоршауға алған еді және шамамен 60 000 босниялықтар тұратын бұл аймақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Қорғаныс күштері күзететін анклавқа айналды. ШД қоршауда қалған бейбіт тұрғындарға медициналық көмек көрсететін жалғыз ұйым болды, сондықтан елден қуылып кетуден қорқып, геноцидті ашық айыптамады (дегенмен, басқа ұйымдардың кіру мүмкіндігінің шектелгенін айыптады). 1995 жылы Босния сербтерінің әскері қаланы басып алған кезде, ШД бұл аймақтан кетуге мәжбүр болды. 40 000 босниялықтар бейбіт тұрғыны депортацияланды, шамамен 7 000-ы жаппай өлім жазасына атылды.
Руандадағы геноцид 1994 жылғы сәуірде Руандадағы геноцид басталған кезде, осы елде жұмыс істеп жатқан кейбір ШД өкілдері өз қауіпсіздігі үшін Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің (ХҚКК) медициналық тобының құрамына қосылды. Екі топ та геноцидтің негізгі кезеңі бойы Руанданың астанасы Кигалидегі барлық басты ауруханалардың жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ете алды. 1995 жылы ШД басқа да бірнеше көмек ұйымдарымен бірге елден кетуге мәжбүр болды, дегенмен көптеген ШД және ХҚКК еріктілері бейтараптықты барынша маңызды деп санайтын ХҚКК-нің іс-қимыл ережелеріне сәйкес бірлесіп жұмыс істеді. Бұл оқиғалар ұйым ішінде гуманитарлық қызметкерлердің бейтараптығы мен олардың көрген азаптарға куәлік ету рөлі арасындағы тепе-теңдікті сақтау тұжырымдамасы төңірегінде үлкен пікірталас тудырды. Руандадағы миссияның нәтижесінде ШД-нің бейтараптыққа қатысты ұстанымы ХҚКК ұстанымына айтарлықтай жақындады, бұл ұйымның құрылу тарихын ескерсек, өте ерекше бетбұрыс еді.
нобай|1996 жылғы Заирдегі Миханда босқындар лагерінің әуеден түсірілген суреті. Суретте Митумба тауларында орнатылған 500-ден астам шатыр бейнеленген.|202x202 нүкте ХҚКК Руандада өз жергілікті қызметкерлерінің 56-сынан, ШД жүзге жуығынан айырылды. Өз тобын елден эвакуациялауды жөн көрген ШД-Франция (жергілікті қызметкерлер қалуға мәжбүр болды) бұл кісі өлтірушілікті айыптап, геноцидті тоқтату үшін француз әскери күштерінің араласуын талап етті. ШД-Франция БАҚ-қа Дәрігерлердің көмегімен геноцидті тоқтату мүмкін емес деген ұранды енгізді, содан кейін бір айға жетпейтін уақыт ішінде даулы Туркуаз операциясы басталды. Бұл әскери араласу тікелей немесе жанама түрде жүз мыңдаған руандалық босқындардың Заир мен Танзанияға қарай ағылуына әкелді (бұл оқиға Ұлы көлдер аймағындағы босқындар дағдарысы деген атпен белгілі), соның салдарынан тырысқақ індеті тарап, аштық пен бейбіт тұрғындардың үлкен топтары арасында жаппай қырғындар орын алды. ШД-Франция бұл аймаққа қайта оралып, Гомадағы босқындарға медициналық көмек көрсетті.