нобай|Шоқжұлдыздағы сарылау жұлдыз Бетельгейзе немесе Орион альфасы (α Ori) — Орион шоқжұлдызындағы қызыл аса алып жұлдыз.
Оның жұлдыздық шамасы +0,0 мен +1,6 аралығында өзгеріп тұрады. Әдетте Бетельгейзе және оған жақын орналасқан Ригель түнгі аспанда сәйкесінше оныншы және тоғызыншы ең жарық жұлдыздар болып келеді.
2020 жылғы есептеуге сәйкес, оған дейінгі қашықтық — 499 бен 636 жарық жылы аралығында.
Күннің орнына қойғанда, оның жиегі Юпитерге дейін жетер еді. Массасы 11,6−19 Күн массасына тең деп саналады.
Атауы араб тілінен шыққан. Мюнхен университетінің профессоры Пауль Кунитцштің пікірінше, Бетельгейзе сөзі Йад әл Жауза (يد الجوزاء) сөз тіркесінен құрылған. Мұндағы әл Жауза — шоқжұлдыз атауының арабша нұсқасы. Ал Йад сөзіне ортағасырлық еуропалықтар қате транскрипция жасап, ол ақыры Бат дегенге ауысыпты-мыс. Бастапқы атауы арабшадан «әл Жаузаның қолы» деп аударылған.
Соңғы жылдары Бетельгейзе қосаржұлдыз болуы мүмкін деген пайымдар жиіледі. Мүмкін серігінің көлемі бас жұлдыздікінен бірнеше есе кем. Оған Сиварха деген атау қою ұсынылды. Бұл араб тілінен «оның білезігі» деп аударылады.
Тағы қараңыз Ең жарық жұлдыздардың тізімі
Дереккөздер
Сілтемелер
Жұлдыз бетінің суреті Марс және Орион шоқжұлдызы (Бетельгейзе ортада)
Санат:Орион (шоқжұлдыз) Санат:Қызыл аса алып жұлдыздар Санат:Байер нысандары Санат:Флемстид нысандары