Walt Disney Pictures («Уолт Дисней Пикчерз») — штаб-пәтері Бербанк қаласында, Калифорния штаты орналасқан The Walt Disney Company ойын-сауық медиаконгломератының америкалық киностудиясы. Walt Disney Pictures компаниясы Walt Disney Studios студиясының еншілес компаниясы болып табылады.

Тарихы Walt Disney Pictures киностудиясы 1923 жылы 16 қазанда Диснейдің бөлімшесі ретінде құрылды, оған дейін Дисней фильмдері сол кезде Walt Disney Productions деп аталған бас компанияның брендімен шығып келді.

Арналармен ынтымақтастық:

2001 — Pixar 2010 — MINI TV 2011 — Oir TV 2013 — CNN 2014 — A21TV Armenian Cultural tv 2015 — VEVO TV 2016 — Hello TV

Компанияның логотипі Диснейлендтегі Золушка сарайының силуэті болып табылады. 1985 жылдан бастап қолданылған логотиптің ең танымал нұсқасының орнын 2006 жылы жаңа көлемді логотип басты. Оны Жаңа Зеландияның «Weta Digital» компьютерлік графика студиясы жасап, алғаш рет 2006 жылы «Кариб теңізінің қарақшылары: Өлген адамның сандығы» фильмінде көрсетті.

ХХ ғасыр бойы Дисней компаниясы анимация саласының көшбасшысы болды және мультипликациялық техниканың барлық дерлік бағыттарында өз жолын салды.

Дисней тарихи тұрғыдан G және PG рейтингтері бар өнімдерді шығарады, бірақ «Парсы ханзадасы: Уақыт құмы», «Джон Картер», «Жалғыз рейнджер», «Жертеңіз аңыздары», «Дауыл соқты», «Мистер Бэнксті құтқару», «Гамильтон», «Мулан», «Круэлла», «Джунглидегі круиз», «The Beatles: Get Back» фильмдері, сондай-ақ «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмдер сериясы PG-13 рейтингін алды.

Тағы қараңыз Уолт Дисней компаниясының толықметражды анимациялық фильмдерінің тізімі Уолт Дисней компаниясы шығарған фильмдердің тізімі

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:The Walt Disney Studios Санат:АҚШ кинокомпаниялары