Қазыбек Тасбайұлы Тасбаев (23 қазан 1907, № 4 ауыл, Қостанай уезі, Торғай облысы, Ресей империясы — 24 сәуір 1993, Павлодар) — кеңестік шаруашылық, мемлекеттік және саяси қайраткер. КОКП мүшесі. БК(б)П XVIII съезінің делегаты.

Өмірбаяны 1907 жылы Қостанай уезіндегі Қаратал болысының №4 ауылында қазақ жұмысшының отбасында дүниеге келді. Орта жүздің Уақ руынан шыққан.

1929—1930 жылдары тракторшылар курстарының тыңдаушысы болды.

1933—1935 жылдары Ақмола жоғары коммунистік ауыл шаруашылығы мектебінің тыңдаушысы болды.

1935—1937 жылдары механикаландыру мектебі директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

1937 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Полудино аудандық комитетінің 3-хатшысы қызметін атқарды.

1937—1939 жылдары Қарағанды облысында Қазақстан К(б)П Көкшетау аудандық комитетінің 2-хатшысы, 1-хатшысы болып еңбек етті.

1939—1940 жылдары БК(б)П ОК жанындағы партия ұйымдастырушыларының жоғары мектебі тыңдаушысы болды.

1940—1941 жылдары Қазақстан К(б)П Қызылорда облыстық комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі болып күн көрді.

1941—1942 жылдары Қызылорда облыстық жер бөлімінің саяси сектор басшысы болып істеді.

1942—1943 жылдары Қазақ КСР егіншілік халық комиссариаты саяси бөлімі басшысының орынбасары болып еңбектенді.

1943—1947 жылдары Қазақстан К(б)П Ақтөбе облыстық комитетінің кадрлар жөніндегі хатшысы лауазымында мехнат қылды.

1947—1948 жылдары Қазақстан К(б)П ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды.

1948—1951 жылдары Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің жауапты ұйымдастырушысы болып жұмыс істеді.

1951—1952 жылдары Қазақстан К(б)П Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің 2-хатшысы қызметін атқарды.

1952 жылы БК(б)П ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірді.

1952—1954 жылдары Ақмола облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып еңбек етті.

1954—1958 жылдары Павлодар облыстық кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болып күн көрді.

1958—1961 жылдары Павлодар облысында Қазақстан КП Лебяжі аудандық комитетінің 1-хатшысы болып істеді.

1961—1976 жылдары Павлодар облыстық дайындама–нан өнімдері басқармасы басшысының 1-орынбасары болып еңбектенді.

1976 жылы зейнетке шықтыАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.

Отбасы Әкесі Саринов Тасбай ұзақ жылдар бойы жалшы болып еңбек етіп, 1920 жылы туберкулезден қайтыс болған. Анасы Бәтима 1942 жылы дүниеден өтті. Үш ағасы мен бір інісі (Құдаспай, Қали, Қашу, Әлтай) 1920–1937 жылдар аралығында қайтыс болған. Олар жалшылықта, байлар мен кулактарға жалданып еңбек еткен, сондай-ақ машина-трактор станцияларында және кеңшарларда тракторшы болып жұмыс істеген. Төрт баласы, алты немересі және он екі шөбересі бар. Әйелі Жиеналина Мәкеш (15.09.1924—26.02.1992). Ұлы Тасбаев Едіге Қазыбекұлы (01.04.1935—27.12.2024) Қарағанды облысы Сталин ауданының Алексеевка ауылында дүниеге келді. Қазіргі әкімшілік бөлініс бойынша – Ақмола облысының Ақкөл қаласы. Жұбайы – Кішкембаева Нұрүзім Әбу-Сыздыққызы (15.08.1948). Білімі жоғары, 1954–1963 жылдары Қазақ КСР Павлодар облысындағы № 8 орта мектепте оқыды. 1958 жылы Алматыдағы Байланыс қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында АТС-49 технигі курсын тәмамдады, 1964–1970 жылдары Жаңасібір электротехникалық байланыс институтын «Байланыс экономикасы және ұйымдастырылуы» мамандығы бойынша бітірді. Екібастұз қалалық байланыс торабының, Железин аудандық байланыс торабының басшысы қызметтерін атқарды. 1982 жылы ұзақ жылғы адал еңбегі үшін «Байланыс ардагері» атағы берілді, 13.12.1983 ұзақ жылғы адал еңбегі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының атынан Павлодар облыстық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің шешімімен «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды, 08.11.2005 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Тыңға 50 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды, 15.04.2015 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Немересі Тасбаева Сәуле Едігеқызы (27.02.1973). Жоғары білімді. 1985 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын бітірген. Астана қаласында тұрады. Немересі Тасбаев Ерлан Едігеұлы (06.06.1975). Магистр дәрежесіне ие. 2000 жылы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын, 2018 жылы Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінің магистратурасын бітірген. Астана қаласында тұрады. Немересі Тасбаев Бауыржан Едігеұлы (25.07.1980). Жоғары білімді. 2004 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын бітірген. Алматы қаласында тұрады. Немересі Тасбаева Әлия Едігеқызы (23.06.1987). Магистр дәрежесіне ие. 2011 жылы Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Радиотехника, электроника және коммутация жүйелері» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. 2017 жылы Эдинбург қаласындағы Management & Marketing Universal Business School-да Master of Business Administration (MBA) бағдарламасын тәмамдаған. 2018 жылы Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университетінің «Менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын, сондай-ақ К. Г. Разумовский атындағы Мәскеу мемлекеттік технологиялар және басқару университетінің «Экономика» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. Павлодар қаласында тұрады. Қызы Тасбаева Сара Қазыбекқызы (08.08.1936-1947) аппендициттің асқынуынан қайтыс болды. Ұлы Тасбаев Төлеген Қазыбекұлы (10.02.1938-02.05.1998) «Ертіскөмір» тресінде тау-кен шебері, сондай-ақ Алюминий зауытында өндірістік шебер болып еңбек етті. Немересі Тасбаева Айгүл Төлегенқызы (07.05.1971). Жоғары білімді. Павлодар педагогикалық институтын және С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. Астана қаласында тұрады. Немересі Тасбаев Арман Төлегенұлы (13.11.1974). Жаңасібір қаласында тұрады. Қызы Тасбаева Роза Қазыбекқызы (29.08.1942-04.05.2010) дәрігер-онколог, медицина ғылымдарының кандидаты.

Марапаттары «Еңбек Қызыл Туы» ордені (1939 жылы 15 ақпанда) — ауыл шаруашылығындағы, әсіресе мал шаруашылығын дамытудағы ерекше жетістіктері және астық өндіру жоспарын асыра орындағаны үшін «Еңбек Қызыл Туы» ордені 2 рет «Құрмет Белгісі» ордені

Сілтеме Қазыбек Тасбайұлы. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан КП аудандық комитеттерінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Ақмола облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:КОКП XVIII съезінің делегаттары Санат:Павлодар облыстық кеңесінің депутаттары Санат:Мұсылман зиратында жерленгендер (Мойылды)