Мәмбет Шотбайұлы Шотбаев (1892, Павлодар уезі — 1978, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы) — саясаткер, депутатМәмбет Шотбаев туралы, социалистік еңбек еріЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНА 90 ЖЫЛ.
Өмірбаяны Руы — Арғын, ішінде Бегендік-Қозған. Шотбаев Мәмбет 1892 жылы Павлодар уезінің Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1932 жылғы ауыр ашаршылық кезінде ауыл шаруашылығы бригадасын басқарып, халықтың тұрмысын жақсартуға үлкен үлес қосқан азамат. 1953 жылы Ерейментау ауданынан совет депутаті болып қызмет атқарды. Ерейментау жылқы фермасының бастығы болып қызмет еткен. 1978 жылы дүниеден озды.
Отбасы Әйелі — Ұмсынған Жүнісбекқызы (1900—1976), Зейін Шашкиннің апасы; 14 баласы болған; Еділ Ерғожиннің қайын атасы. Ағасы - Теубек, Қайыржан Шотбаевтың әкесі.
Марапаттары Социалистік еңбек ері; Ленин ордені.
Дереккөздер
Санат:Депутаттар Санат:КСРО аудандық кеңестерінің депутаттары