«КСРО Қарулы Күштерінің ардагері» медалі () — КСРО мемлекеттік марапаты.

Медаль КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1976 жылғы 20 мамырдағы Жарлығымен құрылды. Медаль суретінің авторы — суретші Р. М. Пилипив.

Медал жайлы ереже «КСРО Қарулы Күштерінің ардагері» медалімен Кеңес армиясының, Әскери-теңіз флотының, шекара және ішкі әскерлердің КСРО Қарулы Күштері қатарында 25 және одан да көп күнтізбелік жыл есебінде мінсіз қызмет атқарған әскери қызметшілері марапатталды.

«КСРО Қарулы Күштерінің ардагері» медалі кеуденің сол жағына тағылып, «Еңбек ардагері» медалінен кейін орналасады.

«КСРО Қарулы Күштерінің ардагері» медалімен шамамен 800 000 марапаттау жүргізілді.

Медалдің сипаттамасы «КСРО Қарулы Күштерінің ардагері» медалы күмістелген томпак қорытпасынан дайындалып, диаметрі 32 мм болатын дұрыс дөңгелек пішінге ие.

Медалдың алдыңғы бетінің жоғарғы бөлігінде орақ пен балғаның бедерлі бейнесінің үстіне орналастырылған лағыл-қызыл эмальмен қапталған бесбұрышты жұлдызша бейнеленген. Орақ пен балғаның бейнесінің астында бедерлі «КСРО» () деген жазу мен дәмжапырақ бұтағының бедерлі бейнесі орналасқан. Медалдың төменгі бөлігінде шеңбер бойымен таспа бейнесінің үстіне «ҚАРУЛЫ КҮШТЕРДІҢ АРДАГЕРІ» () деген жазу орналастырылған. Медалдың алдыңғы беті тотықтырылған және ернеумен жиектелген.

Медалдың артқы беті күңгірт.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы оң жақ шетінде төрт тоқсары және үш қара жолақ, ал сол жақ шетінде екі қызыл жолақ кезектесіп орналасқан ені 24 мм жібек сұр қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға бекітіледі. Тоқсары және қара жолақтардың ені 1 мм, ал қызыл жолақтардың ені, тиісінше, 3 мм және 1 мм болып келеді.

Халық фольклоры КСРО әскери ортасында бұл медал «қара» немесе «табыт медалі» деп аталды, өйткені оны «Мінсіз қызметі үшін» үш медалынан («құм түстес медалдардан») кейін алу әскери қызметтің аяқталып, запасқа шығарылуын білдіретін.

Тағы қараңыз «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері» медалі

Әдебиет

Сілтеме «КСРО Қарулы Күштерінің ардагері» медалі. КСРО медалдары мен ордендері

Санат:КСРО медалдары