Сұлтанбек Тәуіпбайұлы Тәуіпбаев (27 ақпан 1956, Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауылы) — қазақстандық қоғам қайраткері, техника ғылымының докторы (2003). Қызылорда қаласының, Сырдария, Жалағаш және Жаңақорған аудандарының құрметті азаматы.
Өмірбаяны Сұлтанбек Тәуіпбайұлы 1956 жылдың 27 ақпанында Жалағаш ауданының Мырзабай ахун ауылында дүниеге келген.
1980 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (қазіргі Тараз өңірлік университеті) бітірген. 2003 жылы техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғаған.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024. ISBN 978-601-7059-54-5
Еңбек жолы 1980–2003 жж. — Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының Қызылорда бөлімшесінде (қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті) оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, факультет деканы. 2003–2008 жж. — «Қызылорда су шаруашылығы» мемлекеттік кәсіпорнының директоры. 2008–2012 жж. — Сырдария ауданының әкімі. 2012–2015 жж. — Жаңақорған ауданының әкімі.https://on.kz/omir/sultanbek-tauipbaiuly-tauipbaev-49468/ 2015–2019 жж. — Қызылорда агротехникалық жоғары колледжінің директоры. 2019 жылдан бастап — Қызылорда агротехникалық жоғары колледжінің оқытушысы.
Ғылыми қызметі Ғылыми еңбектері негізінен Арал – Сырдария аймағы су қорларын болжау әдістеріне және өзен алаптарындағы геоэкологиялық жүйелерді ескере отырып, су қорларын тиімді пайдалану іс-шараларына арналған.
60-тан астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 1 монография мен 3 оқу құралының авторы.
Марапаттары мен атақтары Құрмет ордені (2011 ж.) Парасат ордені (2025 ж.) Қызылорда қаласының құрметті азаматы Сырдария ауданының құрметті азаматы Жалағаш ауданының құрметті азаматы Жаңақорған ауданының құрметті азаматы Бірнеше мемлекеттік және мерейтойлық медальдар.
Дереккөздер
Санат:Техника ғылымының докторлары Санат:Қазақстан ғалымдары