Балық көз — қазақтың дәстүрлі ою-өрнек өнеріндегі көне өрнек элементтерінің бірі. Бұл өрнек пішіні жағынан балықтың көзіне ұқсайтындықтан осылай аталған. Көбінесе зергерлік бұйымдарда, сүйек пен мүйізден жасалған сәндік заттарда, сондай-ақ кейбір қару-жарақ пен қолөнер бұйымдарын әшекейлеуде кездеседі.Қазақ халқының қолөнері: Ою-өрнектер жинағы. — Алматы: Өнер, 2002. — ISBN 5-89800-145-X.
Мағынасы мен дүниетанымдық астары Қазақ дүниетанымында «балық көз» өрнегі білімділік, зеректік, көрегендік ұғымдарымен байланыстырылған. Халық арасында қолданылатын «көзі ашық адам» тіркесі білімді, сауатты, дүниетанымы кең адамды білдіреді. Осыған сәйкес бұл өрнек те ақыл-парасат пен танымның белгісі ретінде қабылданған.Тәжімуратов Ә. Шебердің қолы ортақ: Қазақтың халықтық қолөнері мен өрнек жүйесі. — Алматы: Қазақстан, 1977.
Ертеде қазақ шеберлері теріден тігілген сауыттардың қабыршығына ұқсас қаптырмалар орнатып, оны «көбелі сауыт» деп атаған. Мұндай әшекейлердің пішіні де «балық көз» өрнегімен сабақтас келеді.Ахметжан Қ. С. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының тарихы мен этнографиясы. — Алматы: Алматыкітап, 2007. — ISBN 9965-24-814-1.
Қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінде балыққа қатысты басқа да өрнек элементтері кездеседі. Мысалы, өрнек бөліктерінің арасына жүргізілетін жіңішке сызық немесе ширатылған жіп «су жүргізу» деп аталады.Жәнібеков Ө. Уақыт керуені: Қазақ мәдениеті мен қолөнерінің генезисі. — Алматы: Жазушы, 1992. — ISBN 5-605-01089-4. Ал теңіз толқынына ұқсас өрнектер «толқын» және «ирек» өрнектері ретінде белгілі.
Қазіргі қолданысы Бүгінде «балық көз» өрнегі ұлттық ою-өрнек жүйесінің маңызды элементтерінің бірі саналады және зергерлік өнерде, сәндік-қолданбалы өнерде, киім-кешек пен тұрмыстық бұйымдарды безендіруде кеңінен қолданылады.Қазақстан: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. — ISBN 5-89800-123-9.Дәркембай Шоқпарұлы. Қазақтың қолөнері — Алматы: Өнер, 2005
Дереккөздер
Санат:Қазақ ою-өрнектері Санат:Қазақ қолөнері