Украина Қорғаныс министрлігі (, ) — ұлттық қауіпсіздік пен Украина Қарулы күштеріне жауапты Украина үкіметінің министрлігі. Министрліктің басшысы Қорғаныс министрі делінеді. Украина президенті — Қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы.
Министрлік Украинада 1991 жылғы 24 қыркүйекте, Украина тәуелсіздігіне 1 ай болғанда құрылған. Министрлік Украина юрисдикциясы аумағындағы барлық кеңестік әскери күштерді қайта құруға жауапты болды. 1994 жылы Украина өз еркімен барлық ядролық қарудан бас тартты. Министрлік Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы шарттың талаптарын орындау үшін ядролық қаруды, әскери базаларды және белгілі жабдықтарды жоюға айтарлықтай қаражат жұмсады.
2022 жылы Қорғаныс министрлігінің қажеттіліктері үшін Украинаның ЖІӨ-нің 5%-ын қамтамасыз ету жоспарланған болатын. Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде, 2022 жылғы шілдеде Украинаның Қорғаныс министрлігі ай сайын министрліктің бір жылдық бюджетін жұмсайтынын мәлімдеді.
Министрлер тізімі
Ескертпелер
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Министрліктің ресми сайты
Қорғаныс